Математиканы жаңа технологияларды пайдаланып, тереңдетіп оқыту – КҮн талабы бекбаланова Бахыт Тыныбайқызы «Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»



Pdf көрінісі
Дата27.01.2017
өлшемі366,16 Kb.
#2827

МАТЕМАТИКАНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП,  

ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ – КҮН ТАЛАБЫ 

 

Бекбаланова Бахыт Тыныбайқызы 

«Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, 

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алтынарық ауылы 

ms.bekBalanova 

 

Автор  мақалада  жаңа  технологияларды  пайдаланып,  оқушылардың  қызығушылығын  арттыра 



отырып  математиканы тереңдетіп оқыту әдістерін қарастырады.  

В  статье  автор  рассматривает  методы  углубленного  обучения  математики  исползуя  новые 

технологии и повышая интерес учащихся. 

The  author  considers  the  methods  of  in-depth  study  of  mathematics  by  using  new  technologies  and 

increasing students' interest. 

Кілт сөздер: математика, жаңа технологиялар, білім, білік, дағды. 

 

Математиканы  тереңдетіп  оқытуда  оқушылардың  танымдық  белсенділігі  мен  іздемпаздығын 



арттыруға негізделген. Мұғалім оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады. 

Әр сабақты жақсы өткізу үшін мүмкіндік беретін ережелерді есте сақтап, оның орындалуын қадағалап 

отыру керек. Бұл ережелер:  

1.  Сабақ  тақырыбына  қатысты  түрлі  ғылыми,  әдістемелік  кітаптарды  таңдап  алу,  олардың 

мазмұнымен танысу.  

2.  Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім , білік, дағдыны бөліп алу.  

3.  Сабақ  міндеттерін  нақтылау,  оны  оқушыларға  түсінікті,  олар  қабылдай  алатындай  етіп 

тұжырымдап жоспарға жазу.  

4.  Сабақта  оқушы  нені  түсіну  керек,  нені  есте  сақтау  керек,  нені  біліп,  сабақтан  нені  үйренуі 

керектігін анықтау.  

5.  Оқушыларға  оқу  материалын  қандай  көлемде  ,  қандай  мөлшерде  баяндау  керек,  қандай 

қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау.  

6.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  жеке  бастарының  психологиясын  жете  біліп,  әр 

оқушының жүрегіне жол таба білу.  

7. Әр сабақты  өз дәрежесіне жеткізу.  

Қазіргі  кезеңде  егеменді  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  тарихы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге 

байланысты  болып  отыр,  себебі,  білім  беру  жүйесі  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарды,  жаңа 

көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. 

Мұғалімдердің  алдына  қойылып  отырған    басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін 

үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. 

Ұстаз  үшін  ең  басты  мәселе  –  оқыту  әдісін  дұрыс  таңдау.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар 

оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. 

Жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім  беру  әрбір  ұстаздан  шығармашылықпен  жұмыс  істеуді, 

үлкен ізденісті талап етеді. Оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін 

әр  мұғалім  өзінің  алдында  отырған  оқушыларының  жас  ерешеліктерін  ескере  отырып,таңдап 

алады.Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты, бірінші орынға баланың білімін 

оның жеке тұлғасын білім арқылы дамыту.  



Жаңа  технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  зияткерлік,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани, 

азаматттық  және  де  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін  –  өзі 

дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана 

тәжірибелі  ұстаз  бола  алады»  деген  В.Сухомлинскийдің  сөзін  оқытушының  талмай  ізденген  еңбегінің 

нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. 

Өз  тәжірибемде  «деңгейлеп  оқыту»  технологиясында  жұмыс  атқарамын.  Бұл  технологияда 

көптеген жұмыстар білім деңгейі төмен оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізіледі және де  дарынды 

оқушыларды шығармашылық жұмыстарды жетелейді. 

 Сабақ барысын келесі этаптар арқылы орындаймын:  

- бірігіп жұмыс істеу арқылы жаңа сабақты бекіту;  

- өзіндік жұмыстарды оқыту;  

- өз білімдерін бақылау арқылы тексеру; 

 - әр деңгейлі есептерді таңдау арқылы шығару.  

          Оқушылармен  жеке  жұмыс  істеу  сабақтың  ең  бірінші  кезеңі  болып  табылады,  және  бұл 

оқушылардың өзіндік оқыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай кезеңді сабақтың басында 

қолдану  керек.  Себебі  бұл  кезде  мұғалім  әлі  әр  оқушының  бұл  материалды  қалай  түсінгенін  анықтай 

алған  жоқ.  Білімдеріне  қарай  «төмен»  және  «жақсы»  оқитын  оқушыларға  бөлмей,  әр  оқушының  бұл 

сабақта  жақсы  баға  алғысы  келетінін  ескере  отырып,  олардың  білім  деңгейіне  байланысты  әр  түрлі 

тапсырмалар  дайындалады.  Оқушылар  өздеріне  ұнаған  тапсырмаларын  таңдап  алады  және  қанша 

тапсырма орындау керектігін өздері шешеді. Мұндай өзіндік жұмысын орындау барысында мұғалім әр 

оқушымен жеке жұмыс жүргізе алады, дер уақытында олардың жіберген қателерін анықтап, білімдерін 

толтырып  отыруға  мүмкіндік  береді.  Үй  жұмысын  беру  барысында  да  олардың  әр  түрлі  деңгейлерін 

есептеп  отырамын,  олардың  қайсысын  орындауда  оқушылар  өздері  таңдап  алады.  Ал  оқушылардың 

білімін бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану үлгермеушіліктің алдын алу, әр оқушының  жеке 

белсенді  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  етеді.  Оқушылармен  математикалық  диктант,  ауызша  жаттығу 

жұмыстарын жүргізу үлкен нәтижесін беретінін байқадым. Әр оқушының білімін жеке бақылауда келесі 

мынандай жұмыстар атқарамын:  

1.  Ауызша  бақылау  жұмыстарын  жүргізу  –  бұл  оқушылардың  ойлау  қабілетін,  зейінін, 

жеделдетіп  есептеу  білігін  дамытуға  ықпал  етеді.Ауызша  жұмыс  жүргізудің  көбінесе  мынандай  түрін 

қолданамын:  4-5 оқушыны тақтаға шығарамын да  оларға тапсырма беремін. Дайындалғаннан кейін әр 

оқушы жеке – жеке өз сұрақтарына жауап береді, ал басқа оқушылар осы жұмыс барысында қатысады, 

жауаптарын өз  

2.  Жазбаша  бақылау  жұмыстарын  жүргізу   оқушылардың  математикадан  білім,  білік, 

дағдысын ағымды және қорытындылап тексеру үшін аса маңызды.    

Математика  сабақтарында  біз  барлық  тақырыптарды  жеңіл  түрде  меңгертеміз,  ал  ары  қарай 

тақырыптық  білімдерін  тереңдетуде  сыныптан  тыс  жұмыстардың  атқаратын  рөлі  зор.  Сыныптан  тыс 

жұмыстарды мынадай түрде жүргізуге болады: «Көңілді математиктер клубы», математикалық үйірме, 

математикалық викториналар, қабырға газеттері, кештер, мектепішілік математикалық олимпиада т.с.с.  

Аталған  іс-шараларда  атқарылатын  жұмыстар  мынадай  ретте  болады:  математиканың  даму 

тарихы,  сандық  ребустар,  математикалық  фокустар,  логикалық  сұрақтар  мен  есептер,  қиын  есептер, 

арифметикалық викториналар, есептерді құру және оларды шығару жолдары т.с.с. 

Математика  сабағында  қызықты  ойын,  есептер,  олимпиадалық  есептер,  логикалық  есептер 

шығаруға көп көңіл бөлемін. Қызықты есептер оқу материалының меңгерілуін және ойлау барысының 

тиімділігін  анықтайды.  Мұндай  есептер  оқушының  ойлау  қабілеттерін  дамытуға,  математикалық 

түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасайды. Оқу барысында  пәнаралық байланысты жүзеге асыру  - 

оқушылардың бір пәннен алған білімін екінші пәнге қолдануға мүмкіндік береді. 



Заман  талабына  сай  білім  беруде  интерактивті  тақталар,  мультимедиалық  материалдар, 

компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Қазақстан Республикасындағы білім 

беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  негізгі  міндет  ретінде 

оқу  үрдісіне  автоматтандыруды  енгізу  көрсетілген.  Математика  пәнін  оқытуда  компьютерлік 

технологияларды,  интерактивті  құрал-жабдықтарды  пайдалану  оқушылардың  танымдық  белсенділігі 

мен қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытады. Интерактивті 

тақта  арқылы  түрлі  суреттер,  көріністер,  дыбыс  және  музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады.  Меңгерілуі 

қиын  сабақтарды  компьютердің  көмегімен  оқушыларға  ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  баланың 

құштарлығы оянады. Өзім сабағымда интерактивті тақтаны жиі қолданамын. Оқушының  жүрегіне жол 

табу  үшін  сабағымның  әрбір  сәтін  қызықты,  ұтымды  өткізуге  тырысамын.  Осыған  байланысты  келесі 

сабақтың жоспарын ұсынып отырмын.

 

Қысқа мерзімді жоспар 



Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер. Тригонометриялық функциялардың формулаларын 

пайдаланып, есеп шығару жолдары  



Сабақтың мақсаты: Зейіндік, логикалық қабілеттерін дамыту, есептерді тез шығаруға 

дағдыландыра отырып, тарауға қортынды жасау. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. 



 Күтілетін нәтиже: Оқушылардың есте сақтау қабілеттері жақсарады, пәнге деген 

қызығушылығы артады. Тригонометрияның күрделі формулаларын есте сақтауға жаттығады.  



Негізгі дерек көздер: Математика пәні оқулығы, үлестірмелі қағаздар 

Көрнекіліктер: Слайд, стикерлер, плакат, маркер 

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 



«Математика және Физика» журналы №2 2011 жыл, №4 2010, №1 2008 

2.

 



«Мұғалім.kz-математика, информатика» журналы №5 2011, №4 2010 

3.

 



Наурызбайқызы «Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты  

                   тапсырмалар» - Алматы 



4.

 

Алдамұратова «Математика-5» Оқулық 



  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет