Математиканы оқыту бойынша оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру Жоспары


Танымдық өзіндік әрекеттің компоненттері (құрамдас бөліктері)



бет4/10
Дата27.09.2024
өлшемі0,67 Mb.
#145923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
matematikany-oқytu-boyynsha-oқushylardyң-өzіndіk-zhұmysyn-ұyymdastyru

Танымдық өзіндік әрекеттің компоненттері (құрамдас бөліктері)

  • Танымдық өзіндік әрекеттің компоненттері (құрамдас бөліктері)
  • Ғалымдардың көпшілігі (Н.Г. Алексеев, Р.А. Низамов, Н.А. Половникова, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина) «танымдық өзіндік әрекет» ұғымының мазмұнын ашуда тұлғаның ішкі дайындығының интеллектуалды қызметпен бірлігі жағдайына және осы дайындықтың көрінуіне негіздейді. Жалпы психолого-педагогикалық зерттеулерден танымдық өзіндік әрекет танымдық қызмет арқылы сипатталатыны көрінеді.
  • «Танымдық өзіндік әрекет» ұғымы «өз бетімен білім алу» және «өзіндік танымдық қызмет» ұғымдарына қатысты. Өз бетімен білім алу, білімін одан әрі жетілдіру әдетте өз бетімен тану формасы секілді өзіндік танымдық қызмет арқылы жүзеге асырылатын тұлға сапасы болып табылатын танымдық өзіндік әрекеттің көрінісі ретінде қарастырылады.
  • П.И.Пидкасистыйдың айтуынша, кез келген қызмет өзімен бірге келесі негізгі компонеттерді құрайтын жүйені білдіреді:
  • 1. мазмұндық бөлім (ұғымдарды білдіретін немесе қабылдаудағы білімдер);
  • 2. оперативті (жедел) бөлім
  • 3. қорытынды бөлімі
  • Бұдан тек ішкі ерік қана қойылған мақсатқа жетуге итермелеп, дамуына себеп болатынын және мұның оқушының танымдық өзіндік әрекеті болып табылатынын білеміз.
  • Танымдық өзіндік әрекет – бұл тұлғаның өздігінен (өз бетінше) барлық білім, білік, дағдыларын меңгеруге бағытталған (н/е ниеттелген) сапасы. Тұлғаның мұндай сапасы оның өзіндік дамуымен байланысты. Құбылыстың әлеуметтік аспектілері өздігінен дамудағы ынталандыру (мотивация) мен танымның мазмұнын таңдауда көрінеді.
  • Белгілі бір уақыт аралығындағы білім деңгейі танымдық өзіндік әрекеттің мазмұндық бөлігін, өздігінен білімді игерудегі дағдылар жиынтығын құрайды, ұмытылыс оқуға (өзін-өзі жетілдіруге) деген ниет, себептер арқылы білінеді және кейбір әлеуметтік шарттандырылған мақсатқа жетуге бағытталады, ал мүмкіншіліктер табиғи бейімділікті сипаттайды.

Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде танымдық өзіндік әрекеттің құрылымынан келесі элементтерді бөліп көрсетуге болады:

  • Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде танымдық өзіндік әрекеттің құрылымынан келесі элементтерді бөліп көрсетуге болады:
  • * нақты дүниедегі объектілер мен құбылыстарды тану үдерісіне бағытталуын анықтайтын қажеттіліктер;
  • * жалпы оқыту дағдылары (оқу мақсатын жүзеге асыру, сақтау және қолдану дағдылары; оқу әрекетін және оның нәтижесін жоспарлау, қадағалау және бағалау қабілеттері);
  • * баланың жүйелі ақыл-ой қызметінен, ынтасынан көрінетін танымдық қызығушылық;
  • * еріктік үдерістер.
  • Танымдық өзіндік әрекеттің құрылымында үш маңызды компонент (құрамдас бөлік) көрсетіледі: мотивациялық, мазмұндық-операциялық және еріктік.
  • Танымдық өзіндік әрекеттің мотивациялық және мазмұндық-операциялық компонеттері еріктік үдерістермен тығыз байланысты. Оқушылардың мақсатына жетуі үшін ұмтылыспен қатар белгілі еріктік күш-жігер қажет.
  • Шамовадан кейін жүргізілген зерттеулерде де бір-бірімен тығыз байланысты танымдық өзіндік әрекет компоненттері бөліп көрсетіледі:
  • * оқу-танымдық мотивтер, өз бетімен білім алу мотиві және танымдық қызығушылықтан тұратын мотивациялық компонент;
  • * оқу-танымдық қызмет үдерісінде оқушылар меңгеруі қажет білімдер мен оқу дағдыларынан құралған мазмұндық-операциялық компонент;
  • * оқушылардың ақыл-ой күші, еңбексүйгіштігі, шыдамдылығы, басқаларға көмек көрсетуге деген ниеті ретінде анықталатын еріктік компоненті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет