Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері:
- пән мазмұнын жобалаудың спиральділік қағидаты, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
- таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясы;
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі; - бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландырылу болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).
Достарыңызбен бөлісу: |