Венн диаграммасы. Бір- бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Бұл жобадағы әдістердің тек бірнешеуін ғана сөз еттік.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар – оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Мектеп мұғалімдерінің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |