Ойын “ Жаңылмаймын”
Жүргізуші ойыншылыардың бірін шақырып, мынадай сұрақ береді:
Нешеге дейін санай аласың?
Ойыншы, әрине, сасып қалады, жауап беруге кідіреді.
Жүргізуші оған көмекке келеді:
- Қане батырақ айт. Жүзеге дейін? Мыңға дейін? Тіпті миллионға дейін? Жақсы! Ендеше біз сенен дауыстап санауды сұраймыз. Миллионға дейін емес әрине, қорықпа, 30- ға дейін санай аласың ба?
- Санаймын!- деп оқушы жауап береді:
- Ал ендеше, баста, бірақ бір шарты бар: «3 санын және 3-ке» бөлінетін сандарды сен айтпауың керек (6,9,12,....) Сонымен қатар құрамында «3» бар (13, 23) сандарды да айтпайсың, оның орнына жаңылмаймын деп айтуың керек. Мысалы: 1, 2 жаңылмаймын, 4, 5 жаңылмаймын. Түсінікті ме? Баста. Қателеспей 30- ға дейін санап шығыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |