V- тур. (Сауалнама).
Физика пәнінен тест бойынша сұрақтар дайындалып оқушыларға үлестіріледі. Ұпай саны бойынша шешуші турға 2 оқушы жіберіледі.
Ұтымды жауабы және жинаған ұпайлары бойынша жеңілпаз анықталады.
«Жұлдызды сағат» ойыны
Математикалық жаңа бағдарламаның түсіндірмесінде оқушылардың математикалық білімін байыту олардың математикаға деген сүйіспеншілігін тудыру математикадан дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты деліген. Дұрыс ұйымдастырылған математикалық сыныптан тыс жұмыстар біріншіден, оқушылардың сабақ үлгерімін көтерсе екіншіден, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді.
Осындай IX- XI сыныптар арасында өткізілген «Жұлдызды сағат» ойынының үлгі жоспарын ұсынып отырмын. Бұл ойында сабақтан тыс уақытта өткізуге болады. Әр сыныптан бес оқушыдан қатысады. Ойын бес кезеңнен тұрады. Тақтаға көрнекі түрде жұлдыз суреттері ілінеді. Әр дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.
І- кезең
Үміткерлер сайысы.
Ойынға 5 оқушы іріктеп алу үшін қатысушыларға отызға жуық ауызша математикалық сұрақтар қойылады. Кімде жұлдызша көп болса және оның санына байланысты бес оқушы келесі турға шығады.
ІІ- кезең
Тақтаға геометриялық фигуралар салынған және олар рет саны бойынша нөмірленген плакат ілінеді.
Ойынға қатымушыларға қойылатын сұрақтар.
1.Трапеция; 2.Тік төртбұрыш; 3. Параллелограмм; 4.Ромб; 5.Тең бүйірлі үшбұрыш; 6.Тең қабырғалы үшбұрыш; 7.Тік бұрышты үшбұрыш;
Осы фигуралардың дұрыс көрсету керек.
ІІІ- кезең
Тақтаға геометриялық фигуралардың ауданы, ұзындығы жазылған плакат ілінеді. Бұл формулалар рет саны бойынша нөмірленген. Ойынға қатысушыларға қойылатын сұрақтар:
1.Үшбұрыштың ауданы; 2.Шеңбердің ұзындығын; 3. Дөңгелектің ауданы; 4. Трапецияның ауданы; 5. Тік төртбұрыштың ауданы; 6.Параллелограмның ауданы.
Осы формулаларды дұрыс көрсетіп, көп жұлдызша алған оқушылар келесі турға шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |