Математиканы оқытуда критеалды бағалауды қолдану


Қалыптастырушы бағалаудың әдістері



бет3/5
Дата31.12.2021
өлшемі113,87 Kb.
#22422
1   2   3   4   5
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін , меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс », «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. (4-қосымша).

Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін, толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін.

Осындай қателіктердің алдын алу үшін:негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген, жетекші және басқа да сұрақтарды қою;егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету;әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыру;оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ, қашан, қандай сұрақтарды қоюды, мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын, күтпеген сұрақтарды қалай қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық  жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.

Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе əрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет