Кинофрагмент. Ол белгілі бір шағын мәселеге арналған қысқа 4-5 минут көрсетілетін оқу сабақ барысында оқу процесіне қосуға ыңғайлы , сондықтан мұғалім экранда өзіне қажетті кадрларды көрсете отырып материалдың тұтастығы мен логикалық желісін бұзбай сабақты ұйымдастыра алады. Координаттық жазықтық, функция көлемі, функция өлшемі, тең фигуралар, берілген функцияға кері функция кинофрагменттері оқу ісіне енгізіледі.
Графопроектор.
Математика сабақтарында диафильмдермен, диапозитивтермен және кинофильмдермен қатар кодоскоп кең пайдаланылады. Соңғы жылдары мектепте әлемдік стандартқа сәйкес (250*250мм) «лектор-2000» графопроекторы пайдаланылады. Графопроектордың көмегімен кез келген оқу материалын (сурет, сызба, схема экранға немесе тақтаға түсіруге болады.) Графопроекторға арналған мөлдір материалға қажетті сызба немесе сурет фотографиялық немесе графикалық тәсілмен түсіріліп, оқу процесінде пайдаланылады.
№6 дәріс тақырыбы: Оқыту процесіндегі мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.
Сағат саны: 1
Мақсаты: Математика сабағын талдау схемасымен танысу.
Дәрістің мазмұны:
1.Сабақтың конспектісін дайындауға әдістемелік ұсыныстар.
2.Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес.
3.Математика сабағын талдау схемасы.
1.Мектепке барған студент практикант конспектіде мыналарды ескергені жөн:
Күні, тақырыбы, мақсаты, сабақтың түрі, оқыту құралы, орындалу уақыты көрсетілген сабақ жоспары, одан әрі сабақтың жүргізілуі толық баяндалады.
Үйге берген тапсырманы тексеруді ұйымдастырудың мазмұны мен әдістемесі. Үй тапсырмасын тексеру білімді үйретуге және оқушылардың жаңа сабақты ұйғару деңгейін пайымдауға бейімделгені жөн.
Теория жағынан сұралынатын оқушылар алдын-ала белгіленіп оларға сұрақтар дайындалуы керек.
Жаңа тақырыпты оқыту мақсаттары мен әдістері белгіленеді:
а)Кіріспе қалай болады, жаңа материалды оқытудың қысқаша жоспары, жазулардың тақтадағы үлгісі;
б)оқушылар өз бетінше қандай жұмыстар орындауы керек (оның ішінде оқулықпен жұмыс);
в)қандай көрнекі құралдар қашан және қалай қолданылатын болады;
4) Оқыған сабақты баянды ету әдістемесі: оқушылардың сабақта өткен материалды игергендігін көрсететін жаттығулар мен сұрақтар оны түсіну деңгейі, егер өзіндік жұмыс жоспарлаған болса, онда орындалуына нұсқаулар беріледі.
5) Үйге берілетін тапсырманың мазмұны жәнеолардың берілу уақыты. Үй тапсырмасына түсініктеме берілуі керек. Конспектіде есептердің шешімдері болғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |