Бақылау жұмыстарының материалдары үлгісі.
Мектеп математика курсындағы теңдеулер тізбегіне логикалы-дидактикалық талдау.
Мектеп математика курсындағы теңдеулер тізбегіне талдау нәтижесін таблица арқылы көрсетеміз. Жалпы, математикалық сұрақтар бойынша танымдық және әдістемелік есептер қатарын қоюға болады.
№1 есеп.
5-6 кластардағы теңдеулерді шешудің математикалық негіздемесінің ерекшелігін анықтаңыз.
№2 есеп.
Мектепте сызықтық және квадраттық теңдеулер қандай логикалық және математикалық негізде шешіледі.
№3 есеп.
Теңдеудің түбірлерін жоғалту қандай түрлендірулер мен байланысты болады? Қателіктің алдын алу үшін, яғни түбір жоғалтудың, есептер жинағын жасақтаңыз.
№4 есеп.
Квадратттық теңдеудің түбірлерінің формулалалрын қолданып және саналы меңгеру мақсатында квадраттық теңдеулер ұғымын қалыптастыру бойынша, оқу материалының мазмұнына талдау жасау негізінде спецификалық іс-әрекеттерді анықтаңыз.
№5есеп.
«Иррационал теңдеулерді шешу» тақырыбы бойынша математикалық тапсырмаларды талдаңыз және оларды шешуді пайдаланып математикалық және оқу іс-әрекеттерін анықтаңыз. Иррационал теңдеулердің шешімін іздеуге оқыту әдістемесін жасақтаңыз
10.Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі
Вариант1
1. Тік төртбұрышқа қатысты шамалар:
A) Тізбек B) Арақашықтық C) Алаң D) Ұзындық E) Сəуле
2. Мектепте оқыту құралдары келесі топтардан тұрады:
A) жабдықтар
B) студенттерге арналған құралдар
C) мұғалімге арналған құралдар
D) оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу құралдары
E) математика кабинетіне арналған жабдықтар
3. Жазықтықта жəне кеңістікте орын ауыстырудың ортақ қасиеттері:
A) Үш орын ауыстырудың комбинациясы да - орын ауыстыру
B) орын ауыстыруға кері қосу- орын ауыстыру
C) орындауға кері түрлендіру - орын ауыстыру
D) Теңбе-тең түрлендіру - орын ауыстыру
E) орын ауыстыруға кері түрлендіру- орын ауыстыру
4.Функцияның берілу тәсілдері:
A)Таңбалық B) Кесте түрінде C) Графиктік
D) Куб түрінде E) Суреттік
5. Дидактикалық мақсатқа қарай есеп үш түрге бөлінеді:
A) Жүйелеу есептері B) Оқыту есептері C) Даралау есептері
D) Қысқарту есептері E) Шығару есептері F) Танымдық есептер
G) Дамыту есептері
6. Салыстыру, бұл:
A) Оқытылмайтын объектілердің елеулі белгілерін бөліп көрсету
B) Оқытылатын субъектілердің елеулі белгілерін бөліп көрсету
C) материалдың белгілерін бөліп көрсету
D) Оқытылатын ережелердің елеулі белгілерін бөліп көрсету
E) Объектілердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табу
7. Үзіліс нүктелерінің типтері:
А) Жөнделмейтін үзіліс нүктесі В) Текті үзіліс нүктесі
С) Қиылысатын үзіліс нүкте D) Бірінші текті үзіліс нүктесі
Е) Жөнделетін үзіліс нүкте F) Екінші текті үзіліс нүктесі
8. Сабақтың тәрбиелік мәні:
А) Оқушыларға көмек көрсету дәрежесі В) Логикалық ойды дамыту
С) Қиындық дәрежесі D) Жіберілген уақыт
E) Дүниетаным көзқарасының практикамен байланысы F) Өнегелік тәрбие жағы
9. Өзіндік жұмыстарды қойылған мақсатына байланысты бөлуге болады:
А) жаттығушылық және бекітушілік В) шығармашылық және мазмұндылық
С) қайталаушылық және коррекциялық D) коррекциялық және білімділік
E) мазмұндық және бекітушілік F) білімділік және мазмұндық
G) білімділік және қайталаушылық
10. Д. Пойа есеп шығарудың төмендегідей желісін береді:
А) есеп шығарудың жоспарын құрын В) есептің табылған шешімін зерттеу
С) есеп шығарудың тиімділігін арттыру D) есеп жолдарын білу
E) есеп мазмұнын құру
11. Математикалық есептерді шығару барысында оқушыларда ойлаудың ерекше мәнері қалыптасады:
А) Ойлау сатыларын реттей білу және символикалық дәлдік
В) Нақты-аналитикалық желісін сақтау С) Талдаудың дәл желісін сақтау
D) Ойды жеткізу Е) талдаудың формалды –логикалық емес желісін сақтау
12. Білім мазмұны бойынша ерекшеленетін өздік жұмыс түрі:
А) оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс
В) мазмұндары әр түрлі , бірақ бірдей тәсілмен орындалатын өздік жұмыстар
С) мазмұндары әр түрлі және әр түрлі тәсілдермен орындалатын өздік жұмыстар
Д) есептерді шешу және салыстыру
Е) оқып – үйренетін өздік жұмыстар
13. Танымның эмпирикалық әдісі:
А) эксперименттік әдіс В) салыстыру әдісі С) тәжірибе әдісі
Д) абстракциялау әдісі Е) индукция әдісі F) аналогия әдісі
14. Жиын түрлері:
А) қуыс жиын В) ішкі жиын С) шекті жиын
Д) ерекше жиын Е) дербес жиын F) тұтас жиын G) бос жиын
15. Математикалық ойлаудың түрлері:
А) Функционалдық, интуитивтік В) Жекелей С) Дидактикалық
Д) Салыстырмалы, дерексіз Е) Нақтылы, абстрактілі
F) Топтап G) Тепе – тең
16. Математиканың даму тарихында XVII ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейiнгi кезең:
А) Математиканың туу кезеңi;
В) Тұрақты шамалар математикасы кезеңi;
С) Айнымалы шамалар математикасы кезеңi;
D) Айнымалы қатынастар математикасы кезеңi;
Е) Математиканың өрлеу кезеңi.
17. Пайда болуының ұқсастығынан себептерiнiң ұқсастығын туғызатын аналогия түрiн қалай атайды?
А) қатаң аналогия; В) қатаң емес аналогия; С) жай аналогия;
D) таралған аналогия; Е) аналогия емес.
18. Ахуалдың қойылуы, шешiмнiң ұсынылуы, сөйлемнiң негiзделуi, түсiндiрменiң тексерiлуi сипаттамалары
А) алгебралық әдiске; В) дедуктивтi – тексеру әдiсiне;
С) геометриялық әдiсiне; D) индуктивтi – жалпылау әдiсi;
Е) эвристикалық әдiсiне тән.
19. Мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымын қарастырғанда арқау болатын қағидалар:
A) тәрбиелік және танымдық қағидалар
B) белсенділік және танымдық қағидалар
C) көрнекілік және реттілік қағидалары
D) мақсаттылық, дамыту және проблемалық қағидалар
E) әдіснамалық, кеңейту және модельдеу қағидалары
F) көрегендік және көрнекілік қағидалары
G) мақсаттылық, әдіснамалық
H) баяндылық және тиянақтылық қағидалары
20. Шеңбердiң диаметрi дегенiмiз – шеңбердiң екi нүктесiн қосатын түзу. Бұл анықтамада:
А) анықтайтын ұғымның көлемi анықталатын ұғым көлемiнен кеңiрек;
В) анықтайтын ұғымның көлемi анықталатын ұғым көлемiнен тарырақ;
С) Әртүрлi сөздермен айтылса да анықтайтын және анықталатын ұғымдар мағынасы бойынша теңбе – тең;
D) айтылу айырмашылығы керi ұғым ретiнде түсiндiрiледi;
Е) мазмұнымен анықталатын ұғым қарама-қарсы мағынада.
21. Диафильм мен диапозитивтерді сабақта көрсететін кадрлар саны
А) 9-13 В) 14-17 С) 12-16 Д) 11-14 Е) 10-15
22. Идеалды модельдердің түрлері:
A) сызбалық модель B) кестелік модель C) формалық модель
D) жүйелік модель E) бейнелік модель F) қарапайым модель
G) ойша модель H) таңбалы модель
23. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары:
A) білім беру, тәрбиелеу, түсіндіру.
B) жалпы білім беру, тәрбиелеу.
C) түсіндіру, салыстыру, дамыту.
D) білім беру, тәрбиелеу, қорытындылау.
E) жалпы білім беру, тәрбиелік, тәжірибелік.
24. Сфераның ауданы формуласын көрсетіңіз.
A) B) C) D) E)
25. Таным кезеңдері:
А) Қабылдау В) Санау С) Үйрену D) Есептеу
E) Оқу F) Дерексіз ойлау G) Елестету
Достарыңызбен бөлісу: |