5-апта №9 дәрістің тақырыбы: Математиканы есептер арқылы оқыту.
Сағат саны: 1 Мақсаты: Есептер арқылы математиканы оқудың мәнін ашу
Дәрістің мазмұны: Есептер арқылы математиканы оқудың мәнін ашу
Есепті шығарудың түрлі әдістері.
Стандартты емес есептерді, аналитикалық есепті құру, есепті жалпылау, міндеттер артық немесе жеткіліксіз деректері бар тапсырмаларды параметрлерімен.
Математиканы оқытудағы есептің ролі Оку процесінде есеп шығару математиканы оқытудың мақсаты ретінде де, оны оқыту әдісі ретінде де бой көрсетеді.; «Математикалық есеп дегеніміз — математикадағы заңдылықтар, ережелер мен әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардың ойы мен іс-әрекетін талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация» [19, 7]. Сондықтан есеп шыгару математиканы оқытудың ажырамас бөлігі, себебі есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып, байытуға оқушылардың математикалық ойлауын өрістетуге, білімдерін практикада қолдануға, табандылық, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады. Математикалық есептер: а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету; ә) практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; ғ) политехнизм принциптерін іске асыру және д) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдаланылады.
Есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырып, калыптасқан іскерліктері мен машықтарын жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі.
1. Математикалық ұғымдарды меңгертуге арналған есептер.Математикалық ұғымды толық түсіну үшін оның анықтамасын жаттап алу жеткіліксіз екені мәлім. Ұғымды менгеру үшін оның анықтамасымен қатар ерекше белгілерін, қасиеттерін білу қажет. Бұған ең алдымен есеп шығару, жаттығулар орындау арқылы қол жеткізуге болады. Мәселен, квадрат теңдеуді басқа теңдеулерден ажырату үшін әр түрлі жаттығулар беріп, оқушыларды машықтандырған пайдалы. Мысалы, мына теңдеулердің қайсысы квадрат теңдеу:
а)
ә)
б)
в)
г)
ғ)
Оқушылар бұл жаттығуларды орындаған кезде оқулықтағы анықтамамен салыстыра отырып, өзіне керекті белгіні лезде тауып алып, тез есіне түсіреді. Жұмысты жеделдету үшін нұсқаушы сұрақтар берудің пайдасы мол.