Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


тематиканы оқытудың сызумен байланысы



бет47/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99
Байланысты:
МЕТод сил

4.тематиканы оқытудың сызумен байланысы. Математика мен сызуды оқытудың байланысы ұғымдық байланыстарға негізделген. Расында, бұл екі пән де материялық дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастарын үйретеді.

  1. Сегіз жылдық математикасының программасында «Геометрияны оқытудың мақсаты жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерімен таныстыру, кеңістік ұғымдары мен кеңістік жөніндегі түсініктерді дамыту» екені атап көрсетілген. Бұл міндеттер сызу курсында да жүктеледі. Сондықтан, математика (геометрия) курсы мен сызуды оқытудың байланыстарын нығайту себептерінің бірі - –қушылар геометрияда да, сызуда да фигуралардың сызбаларын салуды үйретеді.

Екінші жағынан, геометрия сабақтарында сызудың алғашқы теориялық негіздері қаланады және геометриялық фигураларды салу машықтары сызу сабақтарында одан әрі шыңдалады. Сондықтан мүғалім оқушыларға геометриялық қағидаларды дұрыс үйретіп қана қоймай, фигураларды дұрыс салу жағына да жете назар аударуы тиіс.
Сонымен бірге, геометрия сабақтарында сызғыш, циркуль, транспортир сияқты сызу құралдарын кеңінен пайдаланады. Осы құралдарды геометрия сабақтарында ұтымды пайдалану, бір жағынан, салу есептерін шешу тиімділігін арттырса, екінші жағынан сызу пәніне қажетті машықтарды ұштауға көмектеседі. Ендеше, сызу құралдарын ұтымды пайдалану шеберліктерін қалыптастыру мүғалім алдындағы маңызды педагогикалық міндет болып табылады.
Мәселен, сызғыш пен бұрыштық үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы қарастырғанда пайдаланылады.
Берілген үшбұрыштың табандарына түсірілетін барлық биік тіктерін жүргізу есебі перпендикуляр түзулерді салу тәсілдері шыңдауға көмектеседі.
Геометрия сабақтары мен сызудың байланысын нығайтудың басты міндеттерінің бірі — оқушы сызба сызғанда оның геоме триялық мағынасын білумен бірге, конструкциялық мәнін де түсінуі тиіс. Сондықтан мүғалім есепте сызба салудың теориялық негізімен қатар іс жүзінде орындауына баса назар аударғаны жөн.
Мектеп геометриясының планиметрия бөлімі мен сызуды байланыстыру стереометриялық материалдарды оқытуға пәрменді дайындық болып табылады.
Кейбір жағдайда сызбаға қарап есеп құрастыру талап етіледі. Мұндай есептерді шешу окушылардың кеңістік жөніндегі түсініктерінің даму дәрежесіне тығыз байланысты. Сызу пәні оқушылардың математикалық ойлау қабілетінің дамуына, іскерліктері мен машықтарының қалыптасуына игі әсер етеді.
Сондықтан мұғалім математика мен сызуды оқытудың мақсаты мен міндеттерін біріктіре қарастырып, оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктері мен фигураларды салу іскерліктерін шыңдауға жан-жақты жағдай жасауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет