Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


-апта №13 дәрістің тақырыбы



бет50/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
7-апта
13 дәрістің тақырыбы: Математикадан сабақтан тыс сабақтар
Сағат саны: 1
Мақсаты: Математикадан факультативтік сабақтардың жалпы характеристикасын
анықтау
Жоспары:

  1. Математикадан факультативтік сабақтардың жалпы характеристикасы

  2. Факультативтік сабақтарды жүргізудің негізгі формасы және әдісі.

  3. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары, мазмұны және негізгі формалары

  4. Сыныптан тыс жұмыстардың өткізу әдістемесі.

Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және нені білу керек? 


1.Факультативтік топ 15-20 оқушыдан құралады. Оқушылар параллель сыныптардан болуы мүмкін. Кейде VІІІ-ІХ сынып немесе Х-ХІ сынып оқушыларын біріктіру арқылы да топ құруға болады. Мектепаралық топ құрылуы да мүмкін. 
ІІ. Факультативтік сабақтар белгілі бір бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі. 1967-1976 жылдары орта мектептерде «Математикалық анализдің қосымша тараулары» атты факультативтік сабақтар жүргізіледі. 1976-1987 жылдары аралығында «Математиканың таңдап алынған сұрақтары» атты факультативтік сабақтар жүргізілді. Ал қазіргі кезеңде математикадан орта мектептерде жүргізілетін факультативтік курс екі бөлімнен тұрады:

    • математика оқулықтары беттерінен;

    • математикалық мозаика.

Осы бөлімдер бойынша әр сыныптарда оқытуға тиісті факультативтік сабақтардың мазмұнына шолу жасайық.
І. «Математика оқулықтары беттерінен» (174с.)
VII сынып:

    • Жай және құрама сандар (10сағат);

    • Санау жүйелері (8 сағат);

    • Үшбұрыштың тамаша нүктелері мен сызықтары (8 сағат);

    • Қиындық келтіретін есептер шығару (20 сағат).

VIII сынып:

    • Сан жиындары (12 сағат);

    • Координаттар әдісі (10 сағат);

    • Ерекше алгебра (8 сағат);

    • Жазықтықтағы түрлендірулер (12 сағат);

    • Қиындық келтіретін есептер шығару (2 сағат).

ІХ сынып:

    • Функциялар және сызбалар (15сағат);

    • Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері (15 сағат);

    • Геометриялық тамаша теоремалар және деректер (10 сағат);

    • Геометрияның логикалық құрылымы (8 сағат);

    • Қиындық келтіретін есептер шығару (20 сағат).

VII cынып:

    • Дуалды квадраттар (2 сағат);

    • Сан дүниесіндегі алыптар және ергежейлілер (2 сағат);

    • Математикалық ребустар мен шифровкалар (4 сағат);

    • Мебиус жапыраға (2 сағат);

    • Математикалық ойындар (6 сағат).

VIII сынып:

    • Дирихле принципі (2 сағат);

    • Комбинаторикалық есептер (4 сағат);

    • Математикалық парадокстар мен софизмдер (4 сағат);

    • Логикалық есептер (4 сағат);

    • Фигураларды кесу (2 сағат).

X-XІ сыныптарға арналған факультативтік курс оқушылардың білімін әрі қарай жалғастыруға, яғни олардың жалпы математикалық білім деңгейін арттыруға бағыттталған. Бұл сыныптардағы факультативке қойылған негізгі шарт – оқушыларды қалаған мамандықтарына сәйкес жоғары оқу орындарына түсу үшін қабылдау емтихандарына әзірлеу.
Алгебра және математикалық анализ элементтері:

    • Алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер, олардың жүйесі ( 13с,20с,14с.);

    • Сөз есептер(6-12с,6с.);

    • Функциялар және функциялардың сызбалары (8-16с,12с.);

    • Квадрат үшмүшелік теңсіздіктерді дәлелдеу( 4-12с,8с);

    • Тригонометриялық функциялар сызбалары (8-16с,12с);

    • Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар (6-16с,10с);

    • Сан және сан тізбектері (4-10с,6с);

    • Стандарт емес теңдеулер және теңсіздіктер. Параметрі бар есептер (6-14с,8с).

Геометрия:

    • Планиметриялық есептерді шығару әдістері (І бөлім), (20-30с,24с);

    • Планиметриялық есептерді шығару әдістері (ІІ бөлім) (8-16с,10с);

    • Стереометриялық есептер және оларды шығару әдістері(12-28с,18с);

    • Факультативтік сабақтар оқу кестесінде енгізіледі және үзбей жүргізіледі;

    • Факультативтік сабақ жүргізу мұғалімнің еңбек табысына қосылады;

    • Факультативтік курсты жоғарғы дәрежедегі ысылған тәжірибелі маман жүргізеді және жүргізу сапасына жауап береді;

Факультативтік курс толық тәмамдалған соң, оқушылар оқытылған бағдарлама бойынша, қорытынды сынақ тапсырады және факультатив оқылғаны жөнінде орта білімі туралы аттестатқа жазылады. Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады
1. Дүйсенбі «Математика – ғылымдар патшасы» - конференция.
2. Сейсенбіде «Әр түрлі санау жүйелері» - үйірме.
3. Сәрсенбіде «Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар» - математикалық
сайыс.
4. Бейсенбіде математикалық олимпиада.
5. Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар
жарысы және т.б.
6. Сенбіде «Қызықты математика» - математикалық кеш.
Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің
бірі. Математикалық кештің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін
тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне
енуіне көмектесу, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
Математикалық олимпиада -оқушылардың математикалық білімінің артуына ерекше жағдай жасап, олардың ойлауын,
қызығушылығын, білімге құштарлығын тәрбиелеуде және олардың
білімдерін тереңдетуде үлкен рөл атқарады.
14 дәрістің тақырыбы: Әр түрлі типтегі мектептерде математиканы оқыту ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет