Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне шолу



бет8/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   99
2. Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне шолу. Оқытудың жалпы әдістерінің әр түрлі жағдайында мүғалім мен оқушылар қызметінің ерекшеліктерін қарастырайық.
1) Түсіндірме-иллюстрациялық әдістің мәні дайын материалды әр түрлі құралдардың көмегімен беруінде. Мұнда мұғалім белсенді роль атқарады да, окушының ролі бәсең — онын міндеті зейін қойын тыңдау және жазу.
Дайын информацияны берудің неғүрлым тараған тәсілдері — мүғалімнің ауызша сөзі (әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекция), баспасөз (окулық, қосымша оку құралдары және т.б.) және көрнекі құралдар (диа-кинофильмдер, дайын графиктер және т.б.).
Материалды ауызша баяндау тәсілдерінің бірі — әңгімелесу. Ол барлық кластарда қолданылады. Әсіресе, әңгімелесу жаңа материалды баяндауға, оларды баяндандыруға, тереңдетуге және жүйелеуге, оқушылардың білімін және үй тапсырмаларын тексеруге қолайлы. Әнгімелесу барысында, мүғалім алдын ала дайындалған сұрақтар жүйесі бойынша жаңа материалды баяндауға қажетті мәселелерді қайталап, кездесетін ұғымдардың қасиеттері мен белгілеріне оқушылардың назарын ұдайы аударып отырады, осылар арқылы оларды белгілі бір заңдылықтарды анықтауға және сол заңдылықтарды тұжырымдауға әкеледі. Сондықтан мүғалім әрдайым әңгімелесудің жоспарын жасап алғаны жөн.
Математиканы оқыту процесінде әңгімелеу арқылы негізінен тарихи мәліметтерді, ғылыми жаңалықтарды, кейде материалдың кіріспесі мен қорытындысын баяндауға болады. Мәселен, әңгіме түрінде санның пайда болуы, сан ұғымының алғашқы дамуы, өлшемдер жайында геометрияның шығуы, математиканың басқа ғылымдармен байланысын, оның қолданымын, отандық немесе шетелдек математиктер жайында айтуға болады. Бірақ теореманы дәлелдеуге немесе қорытындыны баяндауға әңгімені пайдаланбайды. Сондықтан әңгімені пайдалану мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мүғалім материалды шешен тілмен, көркем, қызық әңгімелеуі тиіс.
Математика сабақтарында әңгімелеудің бір түрі — түсіндіру жиі пайдаланылады. Оны әсіресе, бір ұғымды немесе сөйлемді дәлелдегенде, түсіндіргенде, негіздегенде қолданады. Материалды түсіндіргенде пікір, ой қорыту сияқты логикалық амалдар пайданылады. Бұл әдіс теоремаларды дәлелдеуге, есеп шығаруда, ұғымдардың қасиеттері мен белгілерін баяндауда өте тиімді. Оқыту барысында түсіндіруді әңгімелеумен үйлестіре пайдаланған дұрыс. Мұнда мұғалім оқушылардың белсенділігі мен ынтасын қостау мақсатымен, олардан өз пікірлерін айтуды, байқаған құбылыстарын түсіндіруді, өз ойларының дұрыстығын дәлелдеуді талап еткен пайдалы.
Математиканы оқыту барысында лекция қолданылуы мүмкін. Негізінде лекция әдісін теореманы дәлелдеу кезінде жиі пайдаланады. Алайда теореманы дәлелдегенде немесе дәлелдеуді үйреткенде оқушылардың белсенді қатысуы, оқушы мен мүғалім арасында ұдайы байланыс болуы талап етіледі. Лекция кезінде бұл талаптар іске асырылмайды. Осыған орай, мектепте лекция сирек, тар шеңберде, атап айтқанда дәлелденген теореманы қайталағанда, курстың бір тарауын немесе бір бөлімін қорытындылағанда, бұрын мәлім материалға (мәселен, IX класта нақты сандар теориясын енгізгенде, сегіз жылдық көлеміндегі сан туралы мағлүматтарға) шолу жасағанда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет