Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus



бет10/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99
2.Оқыту әдістерін таңдау. Кез келген пәнді оқыту процесін оқып үйренуге тиісті оқу материалын оқыту әдістерінен тыс қарастыруға болмайды. Философиялық тұрғыда оқыту әдісі — оқу материалы мазмұнының оқу процесінде қозғалу формасы болып табылады. Егер математика пәнінің мазмұны математика ғылымының дидактикалық баламасы болса, онда оқыту әдістері — таным әдістері мен математика ғылымы әдістерінің дидактикалық баламасы болып табылады. Сондықтан пәннің мазмұны, ғылыми әдістері және таным әдістері ғылымның структурасын, ерекшелігін және дидактикасын бейнелейді. Олай болса, ғылым әдістері мен оқыту әдістерінің арасында белгілі бір қатынас болуы тиіс.
Мұғалімнің негізгі міндеті — оқушылардың білім алуын, тәрбиелі болуын және өсуін қамтамасыз ететін оқыту әдістерін таңдау. Оқыту әдістерін мұғалім өзі таңдап қолданады. Әрбір әдісті өз орнында, басқа әдістермен үйлестіре қолданса және оқу материалының мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалса ғана, ол әдіс өз міндетін толық атқарады. Ал мұғалімнің жеке басының әсері — оқытудың, әсіресе оқушыларды тәрбиелеудің аса маңызды факторы.
Математиканы оқыту әдістемесін таңдағанда мына шарттар ескерілуі керек :
1) оқытудың заңдылықтары мен принциптері;
2) оқытудың мақсаты мен міндеті;
3) ғылымның, осы пәннің мазмұны мен әдістері;
4) оқушылардың оқып үйрену мүмкіндіктері (жасы, даярлық дәрежесі, класс коллективінің ерекшеліктері);
5) сыртқы жағдайлардың ерекшеліктері (географиялық, өндірістік ортасы және т.б.);
6) мүғалімнің өз мүмкіндіктері.

2 дәрістің тақырыбы: Орта мектепте математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері және тарихи кезеңдері.


Сағат саны: 1
Мақсаты: Политехникалық оқыту және кәсіби бағыт беру жайында мағұлыматтар беру. Математиканы мектепте оқыту мақсаттары мен мазмұны.
1.Білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары.
2.Мектеп математика курсының даму жолы.
3.Математиканы оқыту мазмұнының негізгі құрамды бөліктері.
1.Математиканы оқыту мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді:
1)Білім беру; 2)Тәрбиелеу; 3)Өмірлік практикалық білім дағды дарыту немесе дамытушылық;
Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. Оқушыларға математикалық білім дағдылар жүйесін берумен қатар математика пәні мектепке басқа да білім беру міндетін атқарады. Олар:
1.Оқушылардың бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруіне жәрдемдесу;
2.Оқушыларды ауызша және жазбаша математика тіліне үйрету (қарапайым, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық);
3.Оқушыларды математика бойынша алған білім дағдыларын оқу және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету;
2.Дидактикалық талабы бойынша математиканы тәрбиелікке үйретеміз. Жалаң білім жүйесін берумен ғана шектеліп қоймай, тәрбиелік оқу болуы шарт. Математиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады. Тәрбиенің негізгі түрлеріне тоқталайық. Олар:1) Оқушыларда ғылыми дүние-танымын қалыптастыру. Бұл тағы да тарихи математикалық мағлұматтардың берері мол екенін атап кеткен жөн. 2) Шәкірттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыру. Математиканы оқыту үрдісінде мұғалім оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке, қиындықты жеңе білуге, бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, табандылыққа, адалдыққа, жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуге міндетті. 3) Эстетикалық тәрбие. Математиканың табиғатының өзі оқушыларды әдемілікке тәрбиелеуге бай мүмкіндік туғызады. Мысалы: математикалық объектілердегі дұрыс көпбұрыштың, симметрия, дұрыс көпжақтардың қасиеттері, фигуралардағы гормоникалық қатынастар олардың бойында туа бітті эстетикалық сезімді оятады. Тек мұғалім мүмкін жағдайда бұған дер кезінде оқушылардың назарын аударып отыру керек.
3.Математиканы оқытудың бір мақсаты өмірлік-практикалық мақсат болып табылады.Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:1)Математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге физика,химия, сызу, ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәндерін оқып үйренуге пайдалана білу;2)Математикалық құралдармен аспаптарды қолдана алу немесе пайдалана білу;3)Шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.(оқулық, ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей алу);
Жоспар:

  1. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру.

  2. Математиканы оқыту процесінде оқушыларды кәсіби бағыттау.

  3. Ғылыми дүниетаным қалыптастыру.

  4. Оқушылардың ойлауын дамыту

Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі – математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін үйымдастыруға мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі — педагогикалық ғылым, сондықтан да ол қоғамның талаптарына сай, педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі математикалық материалдарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, барлық пәндерге ортақ педагогикалық қағидаларға негізделген.
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі мүғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы менгеру және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды. Дегенмен, әдістеме мұғалімге арналған ережелер мен тәлімгерліктік жиынтығы емес, математиканы оқыту процесінің заңдылықтарын зерттейтін, мұғалімнің шығармашылық ізденуіне бағыт беретін ғылым болып саналады.
Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын, оқытудың әдістері мен түрлерін, тәрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зерттейді. Оның үстіне әдістеме оқу жұмысының ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды. Сөйтіп, математиканы оқыту әдістемесі мына сұрақтарға жауап іздейді: а) Математиканы неге оқытады? Ә) Математикадан нені алып оқытады? Б) Математиканы қалай оқытады?
Математика «сандық қатынастар мен кеңістіктік формалар» жайындағы ғылым, олай болса, онын, өзіне тән оқыту әдістері мен түрлері және тәрбиелік мүмкіндіктері бар.
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді;
1) Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі;
2) Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі;
3) Математиканы оқытудың нақты әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет