“Жиын және оның элементтері, Жиындардың өзара қиылысуы, бірігуі” тақырыбымен қысқаша жиын ұғымы берілген. Оқулықтың өң бойында әрбір тақырыпқа сәйкес сандар теориясынан да қысқаша мағлұматтар берілген.
Бірінші тарау “Оң сандар және теріс сандар” деп аталады. Мұнда шамалардың өзгерістерін мазмұнына қарай оң санмен немесе теріс санмен жазуға, теріс сандарды қолдануға назар аударылады. Сонымен қатар санның модулін жаза білуге, рационал сандарды салыстыра білуге үйретіледі.
Екінші “Рационал сандарға амалдар қолдану” тарауында оқушыларға “таңбалары бірдей сандар”, “таңбалары әр түрлі сандар” ұғымдарын беру, қосу, азайту амалдарын қолдану және осы негізде рационал сандарды көбейту және бөлу түсіндіріледі.
Үшінші тарау “Алгебраға кіріспе” деп аталады. Бұл тарау, “Математика-5” оқулығындағы “Айнымалысы бар өрнектер және оларды түрлендіру” тарауындағы тақырыптардың толықтырылуы, жалғасы болып табылады. Бұл тарауда әріпті өрнектерді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау және жаттығулардың шешімдерінің әріпті өрнектерін жазу, оның сандық мәнін табу қарастырылған.
Төртінші тарау “Сызықтық теңдеу және сызықтық теңсіздік”.Бұл тарауда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу, теңдеулердің негізгі қасиеттерін пайдаланып, оны мәндес теңдеуге түрлендіру арқылы түсіндіріледі. Санды теңсіздіктер және оларға амалдар қолдану мен бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу де осы тарауда қамтылған.
Бесінші тарау “Жазықтағы түзулер және олардың орналасуы”.Жазықтықтағы түзулердің қиылысуы, параллельдігі және перпендикулярлығы, фигуралардың симметриялылығы, қарапайым геометриялық фигуралардың ұқсастығы, теңдігі туралы қысқаша жалпы мәліметтер берілген, графиктерді салуды және оны пайдалана білуді оқушылар осы тараудан оқып үйренеді.
Алтыншы тарауда “функция”. Функцияның жалпы түрде жазылуы, оның берілу тәсілдері, анықталу аймағы мен мәндерінің аймағы туралы осы тарауда түсінік беріліп, тек қана түріндегі функцияның графигі қарастырылған.
Жетінші тарау “Теңдеулер жүйесі және теңсіздіктер жүйесі”. Бұл тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері қарастырылған және бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімдерін сан аралығында белгілеу, екі айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін графиктік тәсілмен шешу көрсетіліп үйретіледі.
Қалған сыныптарға арналған оқу құралдарының болмауы оларға сипаттама жасауға мүмкіндік бермейді.