Математиканы қолданбалы және практикалық бағытта оқытудағы есептерге қойылатын талаптар


Математиканы оқытудағы практикалық бағытта оқыту мына педагогикалық сұрақтарға жауап береді



бет2/3
Дата16.08.2022
өлшемі49 Kb.
#38159
1   2   3
Байланысты:
Математиканы олданбалы ж не практикалы ба ытта о ытуда ы есепт

Математиканы оқытудағы практикалық бағытта оқыту мына педагогикалық сұрақтарға жауап береді:

  1. Есептеулерге, алгебралық түрлендірулерге, өлшеулерге, графиктермен жұмыс жасауға және т.б. математикалық ұғымдардан туындайтын іс-әрекеттерді түсіндіруге;

  2. Есепті шығару барысында қажетті теориялық материалдарды оқып игеруге;

  3. Болашақта математиканы жоғары деңгейде меңгеруге;

  4. Пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға;

  5. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға.

Қолданбалы және практикалық бағыттағы оқу үрдістері әдетте бірге қызмет атқарады. Қолданбалы және практикалық бағыттың негіздері оқу бағдарламасында айқындалып, оқулықтарда және әдістемелік көмекші құралдарда берілуі тиіс. Ол білім беру мақсатында, алған математикалық білімнің деңгейін талап ету жүйесінде, тапсырмалар мен есептердің мазмұнында анық түрде және нақты көрсетілуі тиіс. Бұл арнайы уақыт пен арнайы әдістемені талап етеді. Сондықтан мақсатымыз белсенді жұмыс атқару болуы керек.
Математика сабақтарында теория мен есептердің арасындағы байланыстарды қамтып, оқушыларды тақырып бойынша қажетті және қолданбалы есептерді шеше білуге үйрету керек.
Математиканы оқыту процесінде оқушылар тақырыптың мазмұнының практикалық мәніне, оның алдағы уақытта қолданылуының маңызды екенін барынша терең түсінулері керек. Кез-келген теориялық материалды игеруде оның қолданылу аймағын атап өту керек. Негізінде теориялық білім тек есеп шығару барысында ғана пысықталатынын естен шығармаған жөн.
Есеп шығару барысында ғана оқушылардың жан-жақтылығы:
Математикалық тұрғыда есептерді шешу жолдарын алдын-ала болжауы, жүйелі түрде еңбекке дағдылануы, білімге деген жауапкершілігі, алған білімді одан әрі шыңдауға ұмтылуы, өз бетінше жұмыс істеуі, ізденуі және шығармашылық қабілеттері қалыптасады.
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін әрбір айтылған, түсіндірілген жаңа ұғым мүмкіндігінше практикалық сипаттағы есептерде көрсетілуінің маңызы зор. Мұндай есептер, біріншіден жаңа теориялық материалдың қажеттілігіне және практикалық маңызы бар екеніне оқушылардың көздерін жеткізеді, оқушыларға математикалық абстракциялау практикадан, күнделікті өмірдің өзінен туындайтынын көрсетеді.
Осы сұрақтардың тәрбиелік маңызы да жоғары. Мысалы негізгі мектептің төменгі сыныптарындағы математика сабақтарында қарапайым оқушыларға таныс әлеуметтік сұрақтарға байланысты мынадай есептерді:

  • Мемлекет тарапынан оқушылардың білім алуына, мектептерге жұмсалатын қаржы;

  • Кітап басылымына жұмсалатын қағаз шығынына;

  • Мектепті, сынып бөлмесін жарықтандыруға кететін шығын;

  • Күніне, айына, жылына мектептердегі қалатын нан қалдықтары және т.с.с. беруге болады.

Осындай есептер оқушыларды белсенділікке, еліне деген жанашырлыққа, ысырапшылдықтан аулақ болуға, нанға, кітапқа құрметпен қарауға баулиды.
Практикалық есептер оқушыларға берілген теориялық біліммен олардың шама-шарқына лайықты болуы және қиындығы жоғары техникалық және өндірістік мәліметтерден аулақ болғаны дұрыс.
Қарапайым амалдардан бастап математикалық анализ элементтерін оқып үйрену барысындағы әрбір қадам осы талапқа жауап беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет