Математиканы қолданбалы және практикалық бағытта оқытудағы есептерге қойылатын талаптар



бет1/3
Дата16.08.2022
өлшемі49 Kb.
#38159
  1   2   3
Байланысты:
Математиканы олданбалы ж не практикалы ба ытта о ытуда ы есепт



Мектепте математика мазмұнының қолданбалы бағытын жүзеге асырудың ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - делінген.


Математиканы оқыту бүкіл мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді:

  1. Білім беру.

  2. Тәрбиелеу.

  3. Өмірлік-практикалық білім-дағды дарыту.

Сондықтан мектептегі математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттері білім беру процесіндегі оқытудың негізгі міндеті оқушылардың білім жүйесін және ойлау қабілетін кең түрде дамыту мен оның қолданылуын меңгеруді қамтамасыз ету. Мектеп математика мұғалімдеріне қолданбалы және практикалық бағытталған білім беруді ұйымдастыруда үлкен мүмкіндіктер бар.
Қазіргі мемлекеттік оқу стандарттарын, оқу жоспарларын, оқу бағдарламалары мен оқулықтарын бірізділік бойынша үздіксіздікке, сабақтастық пен пәнішілік, пәнаралық байланыстарға негіздеу қажет. Себебі математиканы келешекте ойдағыдай игеру үшін оның мектеп курсындағы негіздерін жете түсіну керек екені белгілі. Тіпті, орта мектептің өзінде-ақ, төменгі сыныптарда алғашқы ұғымдарды оқушылар дұрыс және толық түсініп алмаса, келесі сыныптардағы оқу материалдарын толық игеріп кетуі қиын болатыны анық. Төменгі сыныптарда математиканы оқытудың қиыншылықтарының бірі – ол оқушылардың абстрактілі ой қорытуының жетімсіздігі, жүйеленген тұжырым жасаудың нашарлығы. Сондықтан математикалық ұғымдарды, үйретілген амалдарды түсіндіру барысында оқушылардың өздеріне таныс, өмірдегі белгілі практикалық бейнелерді, түсініктерді келтіруі керек.
Осыдан математиканы қолданбалы және практикалық бағытта оқытудың сұрақтары туады.
Алдымен математиканы қолданбалық бағытта оқытуда нені түсіну керектігі мен оның практикалық бағытын анықтаған жөн.
Біздің түсінуіміз бойынша, математиканы қолданбалы бағытта оқыту дегеніміз ол – бағыт-бағдар беру, түрлі кәсіптік бағытта, техникада және ғылымның түрлі салаларында математиканы пайдалануды оқытудың тәсілдері, яғни күнделікті өмірде қолдану деген сөз.
Математиканы қолданбалық бағытта оқыту оның политехникалық бағытын физика, химия, биология, география, сызу, еңбек және информатика пәндерінде кең ауқымда қолдануды және компьютерлік білімді, жаңа технологияларды меңгеруді қамтамасыз етуді, математикалық ойлауды қалыптастырады.
Математиканы оқытудағы практикалық бағыт дегеніміз – әр тақырыптың мазмұнының және тапсырмалар мен есептер шешу тәсілдерінің жүйесі және оқушылардың өз бетінше математикалық білімденуімен ізденістерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет