Математиканы



бет24/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#128398
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
Силлабус 2ББ

Сабаққа қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – оның мақсаттылығы. Математиканы оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерден ең алғаш сабақтың дидактикалық мақсатттары, бұдан соң математиканың мазмұны арқылы тәрбие берудің, оқушы білімін жетілдіруді көздейтін негізгі мақсаттар туралы ұсыныстарды табуға болады. Сабақтың мақсаты оқушыға түсінікті болуы керек. Сабақтың ұйымдастырылуы оқушыны қызықтырып, белсендігін арттыруы тиіс. Мектеп мұғалімі оқушының танымдық белсенділігін арттыруға жеткілікті сабақ ұйымдастыруы керек. Сабақтың жалпы мақсаты, мазмұны мен құрылымы жаңа сабақтарда байқалуы керек.
Сабаққа қойылатын екінші бір басты талап сабақ мазмұнын дұрыстап орналастыра білу. Математика сабақтарындағы ең маңызды мәселе–оның мазмұны. Қарастырып отырған пәнді логикалық тұрғыда терең бейнелеу керек. Тек математика сабағының мазмұны арқылы білім, білік, дағды қалыптасады және математикалық фактілерді, математикалық әдістерді қолдану арқылы сабақ мазмұнын дамытуға болады. Егер сабақты
жаңа тақырыпты түсіндіру жоспарланған болса, онда сабақты дедуктивтік ой қорыту жолымен дәлелдеу, талдау жасап, оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу үшін мұғалім мақсатты жұмыстармен айналысады. Сабақ мазмұнының барлық түрлерін жоспарлы, белгілі жүйеде оқыту керек. Сондықтан әрбір сабақтың негізгі мазмұнын білу арқылы, солардың төңірегінде материалдар жинастыру керек.
Сабаққа қойылатын үшінші талап – сабаққа қажетті жабдықтар мен әдістерді, оқытудың тәсілдерін, сабақ кезінде тәрбие берудің тиімді әдістерін таңдап алу. Сабаққа аса қажетті жабдықтарды, әдістер мен тәсілдерді таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жұмыс. Мұғалім жұмысының табысты болуы оқушылардың жалпы дайындығына, олардың жеке ерекшелігіне, сабаққа керекті жабдықтардың тиімділігіне және оқу материалының ерекшелігін мұғалім қаншалықты дәрежеде айта білді, оқу жұмысында танымдық мәселелерді оқушылар алдына қаншалықты дәрежеде қоя білуіне тікелей байланысты. Оқыту жұмысында кез келген құрал- жабдық, дәріс, тәсілдердің ешбірі универсалдық сипатта бола алмайтынын ескеру керек. Тек бір әдіс не тәсілдің өзін ғана пайдалану нәтиже бермейді.
«Математика» пәнінің ерекшелігі сонда, оқытуда негізгі мәселе көрнекі жабдықтар әр түрлі формада қолданылуы тиіс. Сондықтан сабақта көрнекі және техникалық құралдарды кешенді түрде пайдаланып және кітаппен істелетін жұмыс түрлерін көбейту керек. Математикалық ұғымдардың абстракциялық сипаты оқушылардың түсінуін қиындатады. Бұл қиындықты пәндік модельдер, графиктік, таңбалы т.б. модельдер арқылы жоюға болады. Математика сабақтарында әр түрлі күрделі мәселелерді жай түрде баяндағанда суреттер мен сызбалар қарастырылатын негізгі ұғымды сипаттайтын көрнекіліктер қолданылады.
Сабаққа қойылатын төртінші талап – оқушылардың оқу әрекетін әр түрлі формада ұйымдастыру. Өз бетінше білім алу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқу әрекетін жекеше ұйымдастыруды дамыту талабын алға қояды және сабақтарда оқушылар көрнекіліктерді қолданады және топтық жұмыс формасын пайдаланады. Ғылыми–техникалық прогресстің жедел дамуы, ғылым мен өндірістің біте қайнасуы ой еңбегін одан әрі жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда оқушының жалпы даму деңгейі, оның ойлауы мен өздігінен білім алу іскерлігі, алған білімін іс жүзінде қолдана алуы ерекше маңызға ие. Сондықтан ғылым негіздерін оқытып үйреткенде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың өздігінен білім алу іскерлігін қалыптастыру және оны одан әрі өрістету, алған білімін практикада қолдана білу машықтарын шыңдау бүгінгі таңда зор міндет болып табылады. Бұл өзекті мәселені жүзеге асыру күллі оқыту әдістері мен оқу–тәрбие жұмысын барынша жетілдіруді талап етеді. Осыған орай соңғы жылдары мектептерде оқу конференциялары мен семинарлары кең тарай бастады. Конференциялар мен семинарлар оқушылардың өздігінен ізденіп, білім қорларын байытатыны, ғылыми фактілерді талдап, қорытуға бейімделетіні, басқалардың ой–пікірлеріне сын көзбен қарауға икемделетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр. Оқу конференциялары мен семинарлары оқушылардың
оқулық және қосымша әдебиеттерді өздігінен оқып үйренуді, ізденуді қажет етеді. Сондықтан оқушыларда ғылыми әдебиеттерді өздігінен оқып үйрену машықтарын қалыптастыру алдымен, олардың оқып шыққан материалдың ең маңыздыларын, ең негізгілерін атап көрсетуге, сол мәселелерді өз сөздерімен айтып беруге, бірнеше әдебиеттен оқығандарын қорытуға баулыған жөн. Оқу конференциялары сабақ кестесі бойынша бөлінген уақытта бүкіл сыныпта өткізіледі. Оқу конференцияларында математикалық ұғымдардың даму тарихы математикалық әдістердің тәжірибеде қолданылуы және т.б. оқулық немесе ғылыми әдебиеттерден оқушылар өздігінен оқып түсіне алатын материалды қарастырған жөн. Белгілі бір тақырып немесе тарау бойынша білімді жүйелеуге және қорытындылауға арнайы конференциялар ұйымдастыруға болады. Конференцияларды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде мұғалім:

  1. конференцияның мерзімін, қарастырылатын мәселелер мен олардың міндеттерін анықтайды;

  2. оқушыларға арналған әдебиеттерді іріктейді;

  3. оқушыларға таңдаған тақырыптарын үйлестіріп, баяндамалардағы басты мәселелер бойынша кеңес береді;

  4. оқушылардың даярлығын ұдайы тексеріп, тиісті нұсқаулар береді.

Семинар сабақтары оқушылардың өздігінен білім алуына, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, пәнге ынтасын арттыруға, ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істеу іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Семинарлардың мақсаты алған білімді қайталау, жүйелеу және есеп шығаруға қолдана білу іскерліктерін дамыту болып табылады. Мұнда мұғалім негізінен мақсатын, міндетін және жоспарын түсіндіреді, реферат даярлайтын оқушыларға жеке тапсырмалар мен кеңестер береді. Өткізілу тәсілдеріне қарай семинарлар әңгімелеу, рефераттар мен баяндамаларды талқылау, есеп шығару қамтылатын аралас типті және комплексті болып бөлінеді. Комплекс сипаттағы семинардың негізгі мақсаты – математиканың басқа пәндермен байланысын қорытындылау мен жүйелеу.

    1. Оқу процесінің тиімділігі, сабақтың жүйелігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет