Математиканы


-тақырып. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақ жоспары



бет36/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#128398
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
Силлабус 2ББ

4-тақырып. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақ жоспары




Негізгі сұрақтар: 1) математика сабағына мұғалімнің дайындық жүйесі;
2) сабақ жоспары; 3) математика сабағына талдау жасау әдістемесі;

  1. 7 сынып геометрия оқулығының мазмұны.

Әдебиеттер: [1, 2, 3, 16, 18, 29, 30, 31, 32, 42, 44, 45, 51, 57], сонымен
қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімге арналған оқулық.

    1. тапсырма. Мұғалімнің сабаққа дайындау жүйесі үш кезеңнен тұрады: жаңа оқу жылына дайындық; тақырып бойынша сабақтар жүйесіне дайындық; келесі сабаққа дайындық.

    2. тапсырма. Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы күнтізбелік жартыжылдық жоспармен аяқталады. 7 сынып геометриясы бойынша жартыжылдыққа тақырыптық жоспар құрыңыздар. Геометриядан мұғалімге арналған әдістемелік құралды қолдаңыздар.

    3. тапсырма. Бір тақырып бойынша сабақ жоспарын жасаңыздар.

Өзіндік және бақылау жұмысын өткізу уақытын белгілеңіздер.

    1. тапсырма. Қосымша үй тапсырмасын оқушы белгілі мерзімде орындаған жоқ (30 тапсырма). Мұғалім математика пәні басқа пәндерге қарағанда, негізгі пән болып табылады деп, барлық оқушыларға екі қойды. Осындай мұғалімнің қатал әрекеті педагогикалық білімсіздікті, төмен мұғалімдік шеберлікті көрсетеді. Осы жағдайда мұғалім қандай әрекет жасау керек? Көп берілген үй тапсырмасын орындауды барлық оқушылардан талап ету дұрыс па? Осындай қосымша есептерді шешуді сыныпта қалай ұйымдастыру керек?

    2. тапсырма. Кейбір мұғалімдер жаңа тақырыпты сабақта талдап, үйретеді де, үй тапсырмасын берумен ауыртпалық жасамайды. Осы әрекеттің пайдасы қандай? Үй тапсырмасын тексеру әдістемесі қандай болу керек?

    3. тапсырма. 7 сыныпқа арналған оқу құрылымен танысып, осы оқу құралының әдістемелік негіздері қандай? Қандай жаңа ұғымдар енгізілген? Қандай салу есептері құрастырылған? Қандай теоремалар дәлелденген?

    4. тақырып. 7 сыныпта жаңа тақырыпты түсіндіру бойынша сабақ конспектісінің жоспарын құрыңыздар. Жоспарлау кезінде сабақ тақырыбын, түрі мен мақсатын, оқу құралдырын көрсетіп, сабақ барысын жасаңыздар.

    5. тапсырма. «Шеңбер» тақырыбын оқып үйрену кезінде сабақта ауызша шешуге есептерді құрастырыңыздар (7 сынып).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет