Математиканы


-тақырып. Математикалық ұғымдар және оларды оқыту әдістемесі



бет37/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#128398
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
Силлабус 2ББ

5-тақырып. Математикалық ұғымдар және оларды оқыту әдістемесі




Негізгі сұрақтар: 1) ұғымдар, мазмұны, ұғым көлемі мен олардың арасындағы байланыс; 2) ұғымның түрлері; 3) 8 сынып геометриясының мазмұны.
Әдебиеттер: [3, 7, 13, 22, 24, 26, 28, 30, 32, 35, 42, 44, 50], сонымен
қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімге арналған оқу құралы (8 сынып).

  1. тапсырма. Ұғым - қарастыратын объектінің, құбылыстың соған ғана тән ерекше қасиетін сипаттайды. Ұғымға мысал: сан, кесінді, шек, туынды және т.б. Ұғымға тән сипаттамаларды айтыңыздар.

  2. тапсырма. Ұғымның мазмұны деп, нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығын айтады. Ұғымның көлемі деп, нәрселердің осы ұғымға тарайтын жиынтығын айтады. Мысалы, «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны-үш қабырға, үш төбе, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Мысалдар келтіріп, сол ұғымның көлемі мен мазмұнын айтыңыздар.

  3. тапсырма. 8 сынып геометрия курсын оқу барысында жаңа ұғымдарды жазыңыздар. Олардың ішінен салыстырылатын, үйлесімді және үйлесімсіз, тепе-тең, айқасатын және қамту қатынысындағы ұғымдарды табыңыздар.

  4. тапсырма. «Түзу сызық» анықталмаған ұғымын қалыптастыру әдістемесін тұжырымдаңыздар.

  5. тапсырма. Қандай геометриялық ұғым 8 сыныпта абстрактілі- дедуктивтік әдіспен өткізіледі. Оның өткізу әдістемесі қандай? Оқушыларға оны түсіндіру жоспарын құрастырыңыздар.

  6. тапсырма. Абстрактілі-дедуктивтік жолмен енгізу ұғымы неден тұратынын еске түсіріңіздер. «Квадраттық функция» (1нұсқа), «Ұқсас функциялар» (2 нұсқа) ұғымын классификациялауды осы жолды қалай қолдануға болады?

  7. тапсырма. 8 сыныпқа арналған геометрия оқулығымен танысыңыздар. Оның әдістемелік негіздері қандай? 8 сыныпта планиметрия курсы бойынша қандай тараулар мен тақырыптар оқытылады? Әр тақырыпқа қанша сағат бөлінген? Қандай теоремалар дәлелденеді? Қандай салу есептері шығарылады?

  8. тапсырма. 7 сыныпта «Бұрыштың косинусы» ұғымына сабақ жоспарын құрастырыңыздар. Осы ұғымды оқу кезінде оқушылардың ынтасын қалай арттыру керек?

  9. тапсырма. «Параллелограмм», «ромб», «тіктөртбұрыш» ұғымдары арқылы шаршыға анықтама беріңіздер. Осы тапсырманы орындау үшін оқушы қандай білім мен іскерлікті меңгеруі тиіс? Осыған ұқсас бірнеше тапсырмаларды құрастырыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет