Университеттің 55 жылдығына арналған «
Сәкен тағылымы -8» атты Республикалық
ғылыми – теориялық
конференция
материалдары // Материалы Республиканской
конференции «Сейфуллинские чтения – 8 », посвященной 55-летию университета. –
2012. – Т.1 (преподаватели и магистранты). – Б. 30-31
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҮШІН БІЛІМ АЛУ
ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ
Бимакашева Б.С.
Халық ішінде білімді адам, жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алған
адам білімді болып саналады. Ал егер жоғары оқу орнын бітірмесе, ол адам
білімді емес пе? Егер адамнан: «Осы өмірден не қалайсың?» - деп сұраса,:
«Бәрін білгім келеді» - деп жауап береді екен. Бірақ адамның қысқа
ғұмырында бәрін білу мүмкін емес.
Мектептегі білім де әрбір ғылымнан мағлұмат береді, ал адам, соның
ішінде, өзін қызықтырған бір ғылымнан мағлұматты терең алуға тырысады
екен, ғылымнан тәжірибе үйреніп, өмірде сұранысының өтеуі ретінде еңбек
етуі шартты нәрсеге айналды. Адамдардың бірінің әлеуметтік жағдайы
немесе денсаулығы жарамай жоғары оқу орнында оқи алмауы мүмкін.
«Білекті адам бірді жығар, білімді адам мыңды жығар» - деген
мақалдың түп негізінде келсек, «білімді адамнан мың адам білім алады» -
деген түйін түюге болады. Нарықтық
заңына байланысты қазіргі мектеп
бітіруші жанұясының бюджеттік жағдайын, бір жыл баланы оқытуға қанша
қаражат кететіндігін, жанұяда студент бар болса, мемлекеттік сұраныс
бойынша тегін оқуға талпынуға мүмкіндік туар еді.
Адамдар барлық ғылымды бірдей терең деңгейде білуі мүмкін емес, әрі
қандай мамандық бар болса, соның барлығын аса шеберлікпен меңгере алады
деуге болмайды. Академик пен шахтерді салыстырсақ, әр қайсысы өз
орнында өз ісінің шебері, академик ғылымның бір саласымен терең
айналысса, ал шахтер сол ғылымның жаңалықтармен жете таныс болуы
мүмкін ғой, екеуі кездесе отырып сол ғылым жетістіктерінің аясында
әңгімелесе алады емес пе?
Мемлекетімізде жоғары білімді жастар көп, ал мамандығы бар
жұмыскерлер жоқ, жоғары білімді маман жұмысшы қызметіне жұмысқа
тұрмайды, себебі «4-5 жыл жұмысшы болу үшін оқыдым ба?» - деген ой
туады. Нарық заманында білімді болу аз, мемлекетімізде қандай мамандық
сұраныста екенін, ол мамандыққа қай оқу орны дайындайды, яғни ертең
жұмыс болатын жағын зерттеп, ата-ананың қаражатына тәуелділіктен құтылу
жағын қарастырса дұрыс болар еді.
Менің түсінігімше, кез-келген адам білімді - деген атаққа лайықты бола
алады, оның алғы шарты, әрине көп оқып, көңілге түйіп, өмірде қажет
кезінде тиімді пайдалана алуында.