Материалдары // Материалы Республиканской конференции «Сейфуллинские чтения – 8»



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі17,69 Kb.
#8261

Университеттің  55 жылдығына  арналған  «Сәкен  тағылымы -8» атты  Республикалық

ғылыми –  теориялық

конференция

материалдары  //  Материалы Республиканской

конференции  «Сейфуллинские  чтения –  8  », посвященной  55-летию  университета. –

2012. – Т.1 (преподаватели и магистранты). – Б.28-29

ОҚУШЫҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Пусурманов Ж. А.

Қазақстан  Республикасы - өзінің тәуелсіз  мемлекет  екендігін  бүкіл

әлемге  дәлелдеді.  Енді  басты  міндет –  осы  мемлекеттің  өркендеп өсуі,

халықтың  әлеуметтік,  экономикалық жағдайын  көтеру. Қазақстанды –

Отаным  деп  таныған әрбір  азаматтың осыған өз  мүмкіндігінше үлес қосуы

тиіс.  Осы  мақсатқа  жету  жолында  біздер  мұғалімдер қауымы  көп  тер

төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз - болашақ жастар, оқушылардың бойында

патриоттық сезімін  ояту. Отанын,  елін,  жерін,  Ата  Заңын,    Мемлекеттік

Рәміздерін құрметтеуге үйрету.

Еліміздің

Президенті 

Нұрсұлтан 

Назарбаев: 

"Қазақстанның

отаншылдық сезімін  тәрбиелеу  білім  берудің мектепке  дейінгі  жүйесінен

жоғарғы  оқу  орындарына  дейінгі  орталықтарда  барлық  ұйымдарда

көкейкесті  болып  табылады.  Балаларды  Отанды,  туған  жерді, өзінің халқын

сүюге  тәрбиелеу -  мұғалімнің аса  маңызды,  аса  жауапты  да қадірменді

парызы"-деген  еді. Әр  дәуірдің тарихи  кезеңдерінде  Отансүйгіштікке

тәрбиелеудің  өзіндік  мүдделері  болады.  Ол ең алдымен,  "ұлтжандылық",

отансүйгіштік",  "  патриотизм", ұғымдары  сол  заманның ақиқаты  наным -

сенімінен туындайды. Еліміз егемендік  алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің

темірқазығы қазақстандық патриотизм болды.

Президентіміз  Н.

Ә.

Назарбаевтың  «Қазақстанның



болашағы

-

қоғамның идеялық бірлігінде» -  дейтін  еңбегіндегі  мына  бір  тамаша  ойға



жүгініс  жасаған дұрыс  болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай

да  даңқты  тарихына,  оның болашағына өзінің  қатысты  екенін  мақтанышпен

сезіне алатындай, іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері

де,  келешегі  де  барлық адамға  жақын әрі  түсінікті  болуы  тиіс.  Патриоттық

тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім  рухани  байлықтан  көрініс  табады.

Олай  болса,  рухани  байлыққа,  ең алдымен,  тілімізді,  дінімізді,  салт -

дәстурімізді  жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін,  дін -  адам  болуымыз

үшін,  салт –  дәстүр - ұлт  болуымыз үшін қажет.      Патриотизм    сезімінің

оянуы  мен қалыптасу үрдісін    белгілі  бір  асқақ сезімдерден,  мақтаныш -

сүйініштен  бөле -  жара қарауға  болмайды.  Осы  сезімдерден  туатын,  санада

орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен

жайып,  азаматтық патриотизм  биігіне ұласатын  сыңайлы. Әрине,  бұл

өздігінен  бола  салатын  нәрсе  емес,  ол  да  нақты  тәрбиенің жемісі.  Бұл

тәрбиенің жемісін  еккен әрине,  мектеп  жасына  дейінгі  балалар үшін -

тәрбиеші, ал орта білім мен жоғарғы білім алушылар үшін –ұстаздар қауымы

деп айта алар едім.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет