Материалдары // Материалы Республиканской конференции «Сейфуллинские чтения – 8»



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі18,12 Kb.
#282

Университеттің  55 жылдығына  арналған  «Сәкен  тағылымы -8» атты  Республикалық

ғылыми –  теориялық

конференция

материалдары  //  Материалы Республиканской

конференции  «Сейфуллинские  чтения –  8  », посвященной  55-летию  университета. –

2012. – Т.1 (преподаватели и магистранты). – Б. 27-28

ТІЛ – АСЫЛ МҰРА, КӨНЕНІҢ КӨЗІ, БАБАЛАР СӨЗІ

Қыздарбекова Г.Қ.

Тіл –кез келген ұлттың тарихы, ой-санасы, өмірі. Әр халықтың ана тілі

тарих  беттерінен өшпес үшін,  сол  тіл өз  топырағында  дамып, өркендеп

қарым-қатынас құралы ретінде жұмсалуы заңдылық.

Қазақстан 

Респубиликасының

Коституциясында, 

«Тіл 


туралы»

Заңында қазақ тілі –  мемлекттік  болып  белгіленіп,  оған  ерекше  мәртебе

берілген.  Тіл  Заңы –  баршаға  ортақ. Оның орындалуын,  мемлекеттік  тілдің

қоғамдық  өмірдің барлық саласынада  кеңінен қолданылуын қамтамасыз

етудің бір шарасы-азаматтарды тілге үйрету.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлттың  ұлы  мұраты  жолында ұйысайық»

тақырыбында  журналистерге  берген    сұхбатында:  «Өзіміз  ана  тілімізде

сөйлемейінше, өзге  ешкім  де  бұл  тілді  шындап құрметтей қоймайтынын

түсінуіміз  керек», -    деген  бір  ауыз  сөзінің  өзінен  біздер  көп  нәрсені

аңғаруымызға болады.

Мемлекеттік  тіл  саясатын  жүзеге  асыруға әркімнің  үлес қосуын,  «тіл

тағдыры-ел тағдыр»  екенін ұғындыру.  Туған ел мен жерді сүймей, Отанның

алдындағы  азаматтық парызыңды  сезінбей,  тілге  деген құрметтің де  терең

болуы мүмкін емес?! Әрбір тілді үйренген азамат - өз елін, елді құрметтеуші,

сыйлаушы.

Қазақ тілінің терең  қойнауында  жатқан  адамгершілік қағидаларын

ұлттық мұра тұрғысынан материалдық және рухани мәдени игіліктерін қазақ

тілі  арқылы  меңгерту, ұлттық және  жалпы  азаматтық тәрбие  тағылымдарын

қазақ тілі арқылы игертугеде болады.

Тіл  мәселесі -  мәңгілік  тақырып. Қай ұлтта, қай  елде  болса  да,  «тіл

қастерлі де, құдіретті. Ол - әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл  байлығы - әр  халықтың  ұлттық мақтанышы.  Тіл -  атадан  балаға  мирас

болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл-өмірдің ұлы қаруы. Сөз өнері

«Адамға  екі  нәрсе  тірек  тегі;  бірі -  тіл,  бірі -  ділің жүректегі», -  деп  Жүсіп

Баласағұн  бабамыз өсиет  еткендей,  тіл-  халықтың жан  жүрегі,  оның күллі

рухани-имандылық,

табиғи-құқықтық,

ырыс-  игіліктерінің

негізі.  Тіл

мәртебесі –  елдіктің  айнасы, ұлттың  ұлылығы,  халықтың тарихтағы  орнын

белгілейтін  мемлекеттік  сыны.  «Адамзатты  сақтаудың,  ұлттық  қорғаудың

басты жолы-тілді дамыту, қорғау» - десек қателеспейтін сияқтымыз.

Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол- ұлтымыздың анасы, Ана тілін

қадірлеу әр  азаматтың

перзенттік  борышы, Ұлттық тілмен ұлттық сана

қалыптасады,Бізге  Ана  тілімізден  асқан  тарихи  мұра  жоқ. Ендеше,  оны  жан



аямай қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет