тұтату көзін алып тастағаннан кейін де өздігінен жана алатын материалдар 62. Қандай материалдар жанбайтын түрге жатады? гранит, мрамор, кірпіш, бетон, темірбетон, әйнек, болат 63. Қандай материалдар қиын жанатын түрге жатады? гипс құрғақ штукатурка, асфальт бетон, саз-сабан материалдар, антипирен сіңдірілген ағаш, фенол шайырлы әйнекпластик 64. Қандай материалдар жанатын түрге жатады? ағаш, рубероид, киіз, линолеум, полистирол плиталар, поролон, пластмассалар 65. Өрт қауіпті сұйықтар лап ете тұтану температурасына байланысты қандай топтарға бөлінеді? жеңіл тұтанатын және жанғыш 66. Жеңіл тұтанатын сұйықтарға қандай сұйықтар жатады? лап ете тұтану температурасы 45о-қа дейінгі сұйықтар 67. Жанғыш сұйықтарға қандай сұйықтар жатады?лап ете тұтану температурасы 45о С-ден жоғары сұйықтар 68. Шаңдар жарылыс қауіптілігіне байланысты қандай кластарға бөлінеді? I, II, III және IV 69.Қандай шаңдар I класқа жатады? жарылыс қауіпті концентрациясы 15 мг/м3-қа дейінгі шаңдар 70.Шаңдардың қандай түрлері I класқа жатады? крахмал, астық, күкірт, торф шаңдары 71. Қандай шаңдар II класқа жатады? жарылыс қауіпті концентрациясы 15-65 мг/м3 шаңдар 72. Шаңдардың қандай т үрлері II класқа жатады? алюминий, ағаш ұны, тас көмір, қант, пішен шаңдары 73. Қандай шаңдар III класқа жатады? жарылыс қауіпті концентрациясы 65 мг/м3-тан жоғары, тұтану температурасы ≤250 °С шаңдар 74.Қандай шаңдар IV класқа жатады? жарылыс қауіпті концентрациясы 65 мг/м3-тан жоғары, тұтану температурасы >250 °с шаңдар 75.Өндірістер технологиялық процес сипатына байланысты қандай категорияларға бөлінеді? А, Б — жарылысқауіпті; В, Г және Д — өртқауіпті 76.А категориясына қандай өндірістер жатады? жарылыс қауіпті концентрациясы ауаның 10 %-на дейінгі жанғыш газдар; буларының лап ете тұтану температурасы 28о С-ге дейінгі сұйықтар; сумен, оттегімен немесе өзара әсері нәтижесінде жарылуға, жануға қабілетті қатты заттар бар өндірістер 77. А категориясына қандай бөлмелер жатады?