29. Электромагниттік индукция дегеніміз тұйық жүйедегі магниттік толқынның өзгеруі нәтижесінен, сол тұйық жүйеде электр тоғынын пайда болуы. Ленц ережесі: индукцияның электр қозғаушы күші әрқшанда мынандай бағытта болады, ол тудырған индукциялық ток өзін тудыратын себептерге қарама-қарсы әсер етеді. Фарадей Тұйық контурдағы индукцияның ЭҚК-і модулі жағынан магнит ағынының өзгеріс жылдамдығына тең, ал бағыты жағынан оған қарама-қарсы.
30. Электр магниттік өріс энергиясының сақталу заңы. электромагниттік өрістің уақыт бойынша өзгерісін көрсеткенмен, олардың әрқайсысын жеке-жеке тәжірибе арқылы тексеруге болмайды. Олардың негізгі физикалық мағынасы энергиясының түрленуін тәжірибе жүзінде тексерумен толық анықталады. Сондықтан электромагниттік өріс векторлары арқылы өрнектелген энергияны анықтауымыз керек. Энергияның тығыздығы - ортаның немесе өрістің кейбір көлемінің ішіндегі энергияның осы көлемнің шамасына қатынасы. Пойнтинг векторы секундына бетінің бір өлшемі арқылы өткен электромагниттік энергия ағынын сыйпаттайды. 2-ЧАСТЬ 1. Геометриялық оптикада жарықтың таралуын түсіндіретін негізгі 4 заң бар: 1. Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық сәулесі біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады.
2. Жарықтың тәуелсіз таралу заңы: жарық сәулелері кездескенде бір-бірінің әрі қарай таралуына әсер етпейді.
3. Жарықтың шағылу заңы:түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; Альфа түсу бұрышы гамма шағылу бұрышына тең;
4. Жарықтың сыну заңы: түскен сәуле, сынған сәуле, екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақта шама және ол бірінші ортаның екінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады: Яғни, (sinα) / (sinβ) = n9.