Мазмұндама және шығарма дәптері. Дәптер сыртын сыныпта мұғалім, ал сыныптың жартыжылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек



бет5/9
Дата04.04.2023
өлшемі45,03 Kb.
#79314
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі дәптерін жүргізу тәртібі

Бұлақ басындағы оқиға.
Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық.Бір күні папам,сіңілім Жанар үшеуіміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық.Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз.Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.
Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ,бір лақ бақпаққа батып,тұра алмай талпынып жатыр.Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық.Біз Жанар екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:қой тоғытуға,көк майса,батпаққа батып,
талпынып жатыр,ұйықтан шығарып алдық.
Мазмұндама жоспары:
1.Жайлауға бару.
2.Қой тоғыту.
3.Ешкінің бақылдаған дауысы.
4.Бақпаққа батқан ешкі.
5.Лақты ұйықтан шығару.
6.Қатты қуану.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты:мәтінді рет-ретімен баяндап жазуға машықтандыру;
-сөздік қорын дамыту;
-батылдыққа тәрбиелеу.
Қорқақтық жараспайды.
Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады.Жаңбыр жауып,күн күркірегенде кірерге жер таппайды.Бірде күн бұлттанып,майда жауын сіркіреп жауа бастады.Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз.Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп,абыржи бастады.Ретін тауып ойыннан шыққысы келді.Сөйткенше болмай,аспан жарқ-жарқ ете түсті.Асанның зәресі ұшты,балалар ойынды тоқтатып,қақпаның жанында үйіріліп тұрды.Асанды найзағайдан қорықпауға,жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды.Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды.Қанша қорықса да,шыдауға бекінді.Біраздан кейін жаңбыр басылды.Ойын қайта жалғасты.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: майда жауын,дегбірсізденіп,абыржи,
Үйіріліп тұрды,өткінші жауын,сабырға шақырды.
Мазмұндама жоспары:
1.Асанның қорқақ атану себебі.
2.Жауын басталғандағы Асанның дегбірсізденуі.
3.Асанның жарқылдаған найзағайдан қорқуы.
4.Ойынды тоқтатуы.
5.Асанның шыдамдылығы.
6.Жаңбыр басылып,ойынның жалғасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет