Мазмұндама және шығарма дәптері. Дәптер сыртын сыныпта мұғалім, ал сыныптың жартыжылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек



бет6/9
Дата04.04.2023
өлшемі45,03 Kb.
#79314
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі дәптерін жүргізу тәртібі

Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: сөздерді дұрыс қолдана отырып мәтін мазмұнын дұрыс баяндап жазуға төсілдіру;
-сөз тіркестерін қолдану дағдыларын тексеру;
-жауапкершілікке тәрбиелеу.
Аю мен бөрене.
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып,аузынан сілекей шұбырып,оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды.Қара күшіне сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді.Аюдың құлағы шыңылдап,басы айналды.
Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып,ағаштан ұшырып түсірді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тамсанып,сілекейі шұбырып.
Мазмұндама жоспары:
1.Аюдың бал арасына кездесуі.
2.Балға ұмтылған аю.
3.Аюға кедергі жасаған бөрене.
4.Аюдың ажалы.
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты:жоспар бойынша мәтін мазмұнын,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;
-сөздік қорын дамыту;
- мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.
Жолда.
Бұзауымды өріске айдап тастап,үйге қайтып келе жаттым.Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп,тұра ұмтылдым.Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті.Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам,
жапырақтың арасында бұғып,көзі жылт-жылт етіп бүрісіп жатыр.Бұл-менен жасырынған түрі,Шыбын-жанын қоярға жер таба алмай дір-дір етіп,ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті.Таптап тастамақ болып көтере берген аяғымды кейін тартып алдым да,бұрылып жүре бердім.Кетіп бара жатып артыма қарасам,тышқанның баласы да жасырынған жерінен шығып,әрі қарай жорғалап барады екен.
Түсіндірілетін сөзер мен сөз тіркестері: жолдың жиегі,жан сауғалап,шыбын-жанын,мүшкіл халі,таптап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет