Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі
Сыныптар
Жазба жұмысының түрі
І
ІІ
ІІІ
ІV
Барлығы
5
диктант
3
3
3
3
12
6
диктант
3
3
3
3
12
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі: 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат
6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
«Қазақ тілі» пәніне арналған дәптерлер саны
Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері: Диктант – оқушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын тексерудің негізгі формаларының бірі. Білім алушылардың ауызша жауаптары және жазба жұмыстары бойынша бағдарламалық материалдарды қаншалықты деңгейде меңгергендігін ескере отырып, әр сыныпта белгілі бір нақты көлемде қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі. Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндерді пайдалану ұсынылады. Диктант белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс. Диктанттың мәтінінде: 5-сыныпта – 5 сөзден артық емес, 6-сыныпта – 7 сөзден артық емес өткен сабақтарда меңгерілген орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Оқушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс. Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.
Егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады.
Мұғалім мәтінді әуелі мәнерлеп оқып шығыды, содан кейін жеке сөйлемдерді оқып жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады. Бұл ретте мәтін баяу оқылыды. Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтінін таза қағазға көшіруге рұқсат етілмейді.