Нәзипа Құлжанова (1887-1934 жж.) - бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол Ы.Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейіннен Қостанайдағы гимназияға түседі. Бұны бітірген соң, Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқып, оны үздік бітіреді. 1904 жылы Семейдің мұғалімдер даярлайтын семинариясына оқытушы болып орналасады. Осы жылдардан бастап қоғамдық істерге белсене араласады. Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты кеш ұйымдастырып (1914 ж.), орыс және қазақ тілдерінде баяндама жасайды. 1920-1922 жылдары-Ақмолада мұғалім, 1923-1925 жылдары- «Қызыл Қазақстан» журналының, 1925-1929 жылдары- «Әйел теңдігі» журналының жауапты хатшысы болды. Орыс тілінен аудармалар жасады (М.Горький, В.Г.Короленко, А.Куприн, Б.А.Лавренко, А.Скиталей, т.б.). Нәзипа орыс тіліндегі еңбектерді сол тұстағы қазақ жағдайына бейімдей отырып «Ана мен бала» атты кітапты жазады (1927 ж.).Бұл сол кездегі жағдайға байланысты медициналық ағарту жұмысының талабынан туған дүние болатын. 1923 жылы шыққан «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы қазақ педагогикасында сәбилер тәрбиесіне арналған алғашқы әдістемелік құрал. Мұнда мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердің тарихы, олардың отандық және шетелдік үлгілері сөз болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің мәні мен оның қазақ жеріндегі ерекшеліктері де ашылады. Ол табиғатты сүю мен еңбекке тәрбиелеуді баса көрсетіп, екеуін де өзектес мәселе деп қарайды. Өзі де Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер ұйымдастыру ісіне белсене араласады. Ауылдық жерде мәдени-ағарту жұмыстарының өрістеуі. Ауылдық жерлердегі қызыл отаулар мәдени-ағарту жұмысының нағыз орталығына айналды. өкіметті қарапайым халықпен жақындастыру, халық өкілдерін мемлекетті басқару ісіне араластыру, еңбекшілердің өкіметке деген сенімін арттыру, ұлттар арасындағы туысқандық қатынасты нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Мәселен,Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1923 жылы «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану туралы» декрет шығарады. Онда Орталық өкімет пен үкімет атынан шығарылатын заңдарды, губерниялық ұйымдардың нормативтік актілерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау көзделді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті «қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» Декрет шығарды. 30-жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай БК (б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте орталықтан жіберілген Ф.И.Голощекиннің келуіне байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Ол Сталиннің қатаң бағытын, аймақтық көсемшілдік идеясын жақтады. Ол ауыл «Қазан» лебін сезінген жоқ, «1925 жылдың күзіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымында өзгеріс болған жоқ» деп дәлелдеп бақты. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұстанды. Бірақ бұл саясат елеулі қарсылыққа ұшырады. Алайда, голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлер қуғындала бастады. 1927-1929 жылдары әр түрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, Халық ағарту комиссары С.Сәдуақасов және басқалар қызметінен алынды. Бұл зиялы топ Қазақстандағы голощекиндік саясаттың қателігіне алғаш республиканың бірінші басшысының өзін, одан соң оның Мәскеудегі «қожасы» И.Сталиннің көзін жеткізуге әр түрлі жолдармен әрекет жасап бақты. Бірақ оларға « жікшілдік күреске қатысты» деген кінә тағылды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюінен ұлттық рсепубликаларда ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде қатаң шаралар қолданыла бастады. 1928 жылы «буржуазиялық ұлтшылдар» деп аталғандардың, бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың арасында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М,Жұмайбайұлы, Ж.Аймауытов және басқалар бар еді. Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалары бар ұлттық зиялылардың екінші тобы (40 адамдай) 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында қамауға алынды. Бұлардың бәрі дерлік 1937-1938 жылдары жазықсыз жазаланды. 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өріс ала бастады. Қазақстанда ұлтшылдық бағыттағы «жауларды» іздеу басталды. Қазақстан партия ұйымына «меңдешевшілдік», «қожановшылдық», «сейфуллиншілдік» деп аталатын айдар тағылып, партия ұйымдарын қудалау жүргізілді. Олар, негізінен, троцкийшілдердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашыды деп айыпталды. 1937-1938 жылдардағы қатаң жазалау кезінде республика бойынша партия қатарынан 9223 адам халық жауы ретінде аластатылған. 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясатынан Кеңес өкіметін оранту жолында, коммунистік идеяларының салтанат құруы үшін күрескендер де құтыла алмады. БК (б)П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияға берілген адал да тәжірибелі қайраткерлер құрбан болды. Олардың арасында кәсіпқой революционер В.Н.Андронников, 1917 жылдан партия мүшесі Л.И. Мирзоян, азамат соғысына қатысушы К. Рафальский және тағы басқа көптеген адамдар болды.