Мазмұны: Алғашқы бет бет Анотация бет Пікір бет Жоспар


Ертегілер елінде де «Аққу киелі құс»



бет3/4
Дата03.02.2023
өлшемі3,23 Mb.
#64842
1   2   3   4
2.3 Ертегілер елінде де «Аққу киелі құс»
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққулар айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйқтағанда», Қорқыт Бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әнгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.
2.4. Аққу – биі
Алғаш А. Жұбановтың «Би күінің» әуенімен Б. Аюхановтың қойған. Би жеке немесе тұтас компазициясының бір көрінісі ретінде де орындалады. Негізгі мазмұнына – күй ырғағына сай аққу құстың қанат қағысын, ұшар қимылын бейнелейді.
2.5. Қызыл кітапқа енген Аққулар
Оразбай Сағындықұлы биолог:
Көп жылдан бері жан-жануарлар мен құстар әлеміне зер салып келемін. Осы тақырыпты біреше еңбегім жарыққа шықты. Аққулар өмірі жайында да зерттеу жасадым. Өкініштісі, бұрын өзен-суларда көп жүретін бұл құс қазіргі таңда азайып бара жатқанын аңғарамыз. Соның өңірінде мыңнан астам көлдер бар болатын. Осы күні олардың саны жүзден әрең асады. Бұл сол маңды мекен еткен аңдар мен құстардың кеміп кетуіне алып келді. Аққулар да сондай күйді бастан кешті. Бұрынғы жылдарда дария бойы қалың тоғай еді. Табиғатқа деген мейірімсіз көзқарас салдарынан жасыл желек те, аң да, құс та, барлығы да азайып, қоршаған ортамыз көріксіз көрініске тап болды. Біз қай уақытта табиғатқа жанашырлық жасаймыз деген сауал мазалайды мені. 1983 жылы Каспий теңізінің жағасында 400-дей аққу мекен еткен екен. Қазіргі санын ешкім тап басып айтып бере алмайды. Себебі, ұясыз қалың жынысқа салатын құс онда орындарды жақын маңнан таба алмайды. Өйткені, қазір өзен бойында қаулай өсетін қамыс секілді өсімдіктер азайып барады. Біз әшейінде аққу жайлы ауыздыға сөз бермей, ол жайында талай адамға әңгіме айтуға әуеспіз. Қашаннан да жүрекке жылулық алып келетін қасиетті құсты қорауға келгенде ауызды құр шөппен сүртіп қалатынымыз тағы бар. Бұл тек аққуға қатысты нәрсе емес. “Қызыл кітапты” парақтай қалсаңыз, еріксіз еңсең түсіп кетері анық. Қаншама аң мен құс осындай жанашыр пейілдің жоқтығынан азайып, кейбірінің тұқымы тұздай құрып кетуге жақындады. Осы деректер бізді қашан ойландырар екен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет