Мазмұны: Дәріс №1. Объектілерді электрмен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі мәліметтері Дәріс №2


ЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕРІ



бет2/20
Дата21.10.2022
өлшемі1,89 Mb.
#44621
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Эл.механика (копия)

ЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕРІ

1.1.Негізгі ақпарат

Қазіргі уақытта электр энергиясын пайдаланбай, заманауи адамның өмірі мен қызметін елестету мүмкін емес. Электр қуаты әлдеқашан халық шаруашылығының барлық саласына және халықтың күнделікті өмірінде берік орныққан. Электр энергиясының негізгі артықшылығы – өндірілу қарапайымдылығы, таратылуы мен жеткізілуі, бөлшектелуі және түрленуі.


Объектілерді электрмен жабдықтау жүйесінде электр қондырғыларының үш түрін атап айтуға болады:
электр энергиясын өндіру – электр станциялары;
электр энергиясын беру, түрлену және таратылу бойынша – электр
желілері мен шағын станциялар;өнеркәсіптік және тұрмыстық қажеттіліктерде электр энергиясын
тұтыну бойынша – электр энергиясын қабылдағыштар.
Электр станциясы дегеніміз – электр энергиясын өндіретін кәсіпорын. Бұл станцияларда генераторлар деп аталатын электр машиналары арқылы түрлі энергия түрлері (отын энергиясы, су құламасы, жел, атом және т.б.) электр энергиясына айналады.
Қолданылатын бастапқы энергия түріне байланысты қолданыстағы барлық электр станциясы мынадай негізгі топтарға бөлінеді: жылу, гидравликалық, атомдық, жел және т.б.
Электр энергиясын қабылдағыш дегеніміз – (электр қабылдағышпен, ток қабылдағыш) электр энергия көзінен электр энергиясын алатын және оны механикалық, жылу, химиялық, жарық, электрстатикалық және электрмагниттік өріс энергиясына айналдыратын өндірістік қондырғының бөлігі.
Технологиялық мақсат бойынша электр энергиясын қабылдағыштар электр энергиясын түрлендіретін энергия түріне қарай жіктеледі: машиналар мен механизмдер жетегінің электр қозғалтқыштары; электртермиялық қондырғылар; электрхимиялық қондырғылар; электрмен жарықтандыру; электрстатикалық және электрмагниттік өріс қондырғылары, электр сүзгілері; ұшқынды өңдеу құрылғылары,
өнімдерді бақылау және сынау құрылғылары (рентген аппараттары, ультрадыбыстық қондырғылар және т.б.). Электр энергиясын қабылдағыштар номиналды параметрлермен сипатталады: кернеу, ток, қуат және т.б.
Электрлік қуат беретін электрмен жабдықтаудың ортақ пунктіне электр желілері арқылы қосылған цехтің, корпустың, кәсіпорынның электр қабылдағыштарының өндірістік қондырғыларының жиынтығы – электр тұтынушысы деп аталады.
Ортақ және үздіксіз өндіру процесімен, түрленумен біріккен электр станцияларының, электр беру желілерінің, шағын станциялардың, жылу желілерінің және қабылдағыштардың, жылу және электр энергиясын тарату – энергетикалық жүйе деп аталады.
Бірыңғай энергетикалық жүйе (БЭЖ) электр энергиясын беру желілерімен (ЭБЖ) байланыстыратын жекелеген аудандардың энергетикалық жүйелерін біріктіреді.
Шағын станциялардағы токты жоғарылататын және төмендететін генераторлардан, таратқыш құрылғылардан тұратын, электр тораптары мен электрэнергияны қабылдағыштар –электрэнергетикалық жүйе деп аталады.
Электр желісідегеніміз – электр беру желілерімен біріктірілген, белгілі бір аймақта жұмыс істейтін шағын станциялар мен электр энергиясын таратқыш құрылғылардан тұратын, электр энергиясын беруге және таратуға арналған электр қондырғыларының жиынтығы.
Электрмен жабдықтау жүйесі деп аталатын объектіні энергиямен жабдықтау – электр жүйесінің жалғасы болып табылады. Объектіні электрмен жабдықтау жүйесі төмендететін және түрлендіретін шағын станцияларды, таратқыш пунктерді, электр қабылдағыштарды және электр энергиясын беру желілерін (ЭБЖ) біріктіреді.
Электр станцияларында электр энергиясын қабылдау және тарату – шағын станцияларда жүргізіледі, ол трансформаторлардан немесе электрэнергияны түрлендіргіш басқа да құрылғылардан, таратқыш құрылғыларынан, басқару құрылғыларынан, қорғаныштан, өлшеуден және көмекші қондырғылардан тұрады.
Келіп түскен электр қуатын түрлендірусіз немесе трансформациясыз тарату – тарататын шағын станцияларда (ТШС) орындалады. Электр желілері келесі белгілер бойынша бөлінеді.

  1. Желілік кернеу. Желілердің кернеуі 1 кВ-ға дейін болуы мүмкін – төменвольтты немесе төмен кернеу (ТК), жоғарывольтты немесе жоғары кернеу (ЖК) 1 кВ-дан жоғары.

  2. Токтүрі. Желі тұрақты және айнымалы ток болуы мүмкін.Электр желілері негізінен үш фазалы айнымалы ток жүйесінде жүзеге асырылады, бұл ең ойға қонымдысы болып табылады, себебі, бұл жағдайда электр қуаты өзгеруі мүмкін.

Бір фазалы қабылдағыштар көп болса, үш фазалы желілерден бір фазалы тармақтар тарайды. Ресейдің БЭЖ-дегі айнымалы токтың қабылданған жиілігі 50 Гц-ке тең.


1.1элементтерінің шартты белгілері-сурет. Электр жүйесі
3.Б е л г і л е у. Тұтынушылар өзгешелігіне және олар . орналасқан белгілеуге қарай:аумақты

1.2-сурет. Электр жүйесінің сызбасы


қалалардағы желілерді, өнеркәсіптік кәсіпорындар желілері, электрлік көлік желілері, ауылдық жерлердегі желілерді ажыратуға болады. Одан басқа, 35 кВ-дан жоғары кернеуліктегі үлкен электр станцияларын және шағын станцияларды қосуға арналған аудандық желілер; 330, 500 және 750 кВ кернеулі ірі электр қуаты жүйелерін байланыстыруға арналған жүйеларалық байланыс желілері бар. Бұдан басқа, жеткізу және тарату желілері деген түсініктер қолданылады.
4.Желілерді конструктивті орындау. Желілер әуелік, кабельдік және ток өткізгіштік болуы мүмкін.

Шағын станциялар ашық және жабық болуы мүмкін.


Электр энергетикалық жүйелерді, сондай-ақ, жеке элементтерді және элементтер арасындағы байланысты графикалық суреттеу үшін көпшілік мақұлдаған шартты белгілер қолданылады. 1.1-суретте электр энергиясының негізгі элементтерінің шартты белгілері көрсетілген.
Қарапайым электр қуаты жүйесіне қатысты үлгі сызбасы 1.2-суретте көрсетілген. Бұл жерде, әртүрлі типтегі екі электр станциясында өндірілген электр қуаты: жылу электр станциясы (ЖЭС) және жылу электр орталығы(ЖЭО) бір-бірінен қашықта орналасқан тұтынушыларға жеткізіледі. Электр қуатын қашыққа жеткізу үшін, трансформаторлар арқылы кернеуді жоғарылатып, энергияны алдын ала түрлендіреді. Электр қуатын тұтынатын жерлерде кернеуді қажетті деңгейге дейін төмендетеді. Сызбадан электр энергиясы әуе желілері арқылы берілетінін түсінуге болады. 1.2- суретте көрсетілген сызба бір бір сызықты сызбамен ұсынылған. Шын мәнінде, айнымалы токтағыжүйе элементтері үш фазалы болуы тиіс. Алайда, жүйе құрылымын анықтау және оның жұмысын талдау үшін оның үш фазалыжүйе емес, бір сызықты жүйесі де жеткілікті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет