Мазмұны: Дәріс №1. Объектілерді электрмен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі мәліметтері Дәріс №2


Негізгі түсіруші қосалқы станциялардың және терең енгізу шағын станцияларының сызбалары



бет20/20
Дата21.10.2022
өлшемі1,89 Mb.
#44621
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
10.2. Негізгі түсіруші қосалқы станциялардың және терең енгізу шағын станцияларының сызбалары

10.2.1. Негізгі түсіруші қосалқы станциялар мен терең енгізу қосалқы станцияларын 35 ...220 кВ кернеулі желілерге қосу

Блоктық принципте негізделген 35...220 кВ бастапқы кернеулі жиынтық шиналарынсыз шағын станциялар қоректену кезінде тікелей энергия жүйесінің аудандық жүйесінен де, сондай-ақ түйіндік шағын станциялардан да қолданылады.


Сөндіргішті трансформатордың жоғары кернеуі жағында орналастыру дұрыс деп саналады, себебі трансформаторды (жөндеуге енгізу қажеттілігі туындағанда) аудандық шағын станцияда және ГПП немесе ПГВ трансформаторының Ру ажыратқышымен сөндіруге болады.
Трансформаторлардың көбісін олардан екінші кернеуде сөндіргішпен қуаты түсірілгеннен кейін кернеуден ажыратқышпен немесе аудандық шағын станциядағы сөндіргішпен сөндірмей-ақ бөлгішпен бөлуге болады.
Ең оңтайлы және айтарлықтай сенімді болып шағын станцияның жоғарғы жағында қысқа тұйықтағыштарды қолданатын сызба саналады (6.1- сурет в,г). Трансформатор іштей бұзылған кезде қысқа тұйықтағыш жетегінің тізбегін тұйықтайтын релелік қорғаныс істейді және қысқа тұйықтағыш шаппалары қосылады.




  1. 1-сурет. Бастапқы кернеудегі жиынтық шиналарсыз шағын станциялар сызбалары

35...220 кВ


    1. сурет. 16 МВ - А дейін қуатты екі трансформаторлармен 35... 220 кВ кернеулі магистралдық желіден аралық шықпаларында шағын станцияларды электрлік қосу сызбасы

Желіде қысқа тұйықталу туындайды, ол желінің жеткізу соңында орналастырылған қорғаныс әрекетіне әкеледі, ал аудандық шағын станциядағы сөндіргіш трансформатормен бірге желіні сөндіреді.


6.1-суретте бейнеленген сызбада, трансформаторлардың жоғарғы кернеулі жағында бөлгіштермен қосқыш қолданылған. Бір желі бүлінген және оны жеткізу соңында сөндіргішпен сөндіріген және трансформаторлардың жоғарғы кернеулі жағында бөлгіштермен ажыратқан жағдайда бөлгіштерден қосқышты сөндіруге болады. Сөйтіп, бір желіден екі трансформаторларды қоректендіруге болады.
Аралық шықпалардағы ГПП немесе ПГВ қоректендіру кезінде 35... 220 кВ кернеулі екі тізбекті магистралдық желіден қысқа тұйықтағыштармен сызбалар қолданылады (6.2-сурет).




    1. Сурет Тізбекті магистралдық желіден қысқа тұйықтағыштармен сызбалар

Алайда мұнда ажыратқыштармен қоса бөлгіш қосылған. Трансформатордың ішін бүлінген кезде қысқа тұйықтағышты қосатын релелік қорғаныс істейді. Аудындық шағын станциядағы сөндіргіш магистралдық желіні оған барлық қосылған трансформаторлармен қоса сөндіреді. Кейін бөлгіш жетегі әрекетке тартылады және бөлгіш бүлінген трансформаторды магистаралдық желіден ажыратады. Бұдан әрі тоқсыз кідірістен кейін магистральдің бас учаскесінде сөндіргіштің автоматты түрде қайтадан сөнуі іске қосылады және жеткізуші желі барлық бүлінбеген жалғасулармен кернеумен сөндіріледі.

6.2-суретте қуаттылығы 3200 кВ-А. дейін трансформаторлармен 35/6... 10 кВ кернеулі шағын станциялар сызбасы келтірілген. Оқсыз трансформатордың тоғын сөндіру үшін 35 кВ кернеуге ажыратқышты пайдаланады.Ажыратқышты сөндірер алдында трансформатор екінші кернеу жағынан сөндіргішпен жүктеме тоғынан сөндіріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет