Мазмұны Глосарий Дәрістер Практикалық сабақтар


Дәріс.4 Музей қорларын сақтау



бет4/14
Дата02.11.2022
өлшемі47,98 Kb.
#46849
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Лекция Музей

Дәріс.4 Музей қорларын сақтау.

Музей қорларында сақталатын жәдігерлердің барлығы дерлік физикалық – механикалық, химиялық өзгерістерге ұшырайды немесе табиғи ескіреді. Бұл өзгерістер негізінен ауа мен жарықтың әсерінен болады. Жәдігерлер биологиялық зиянды жәндіктердің: шыбын – шіркейлер, құрт – құмырысқалардың және кеміргіштер мен микроорганизмдердің де әсерінен бұзылуы мүмкін. Температураның белгілі бір деңгейі және ылғалдылық дәрежесі жәдігерлердің табиғи көнеру процесін тездетуі, немесе бәсеңдетуі, не баяулатуы мүмкін. Ауаның жоғары дәрежедегі ылғалдығы, егер ғимаратта, бөлмеде газды ластанған заттар болса зиянды химиялық қоспалардың пайда болуына әкеп соғады. Жоғары дәрежедегі ылғалдылық шаң – тозаңның да таз (грибковые) ауруларын, яғни микроорганизмдердің қозуынан туатын ауруларды тудырады. Осындай қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін музей жәдігерлерін сақтау тәртібі, ережесі болады. Ол температуралық ылғалдылық режимі, ауадағы зиянды заттардан қорғау, биологиялық және механикалық бұзылудан, нұқсаннан қорғау, апаттан алдын ала сақтандыру шаралары, экстремальдық (аяқ астынан шыққан қиындық) жағдайларға байланысты алдын – ала дайындық шаралары жасалынады.


Тарихи мұражайлардың қорларына енетін заттар әртүрлі. Сондықтан оларды дұрыс сақтай отырып, әрбір заттың қолданыс аясын да естен шығармаған жөн. Бұл міндетті қорды сақтау жүйесі шешеді.
Режим (тәртіп, ереже) мен сақтау жүйесіне негізделген қор жұмысының бағыттарын “музей қорларын сақтауы» дейді. Әрбір мұражайдың өзіндік ерекшеліктері болуы себепті, сақталу режимдері соған сәйкес жасалынады. Ол жәдігердің мазмұнына, қордың құрылымына, сапасына, санына, сақталған мерзіміне сай ерекшеленеді. Әрбір мұражай, әрбір қор сақтау қоймасы өзінің арнайы бағытына қарай жұмысын ұйымдастырады.
А) Температуралық – ылғалдылық тәртіп.
Температура мен ауа ылғалдылығы заттардың табиғи ескеруіне өте қатты әсерін тигізеді. Бұл әсердің сипаты мен күші заттың жасалған материалынан, оның құрылымынан, қандай ортада болғандығынан, музей жәдігеріне айналғанына дейінгі сақталуына тығыз байланысты.
Органикалық ылғал тартқыш (гигроскопиялық) материалдардан (ағаш, тері, қағаз, мата) жасалған жәдігерлер өте жоғары немесе өте төмен ылғалдылықтан қатты зардап шегеді. Төмен ылғалдылықта бұл материалдарда сызат пайда болады, сығымдалып, беріктілігі, төзімділігі азайып, зат деформацияға (өзгеріске) ұшырайды. Өте жоғары ылғалдықта бұл заттар ісініп, талшық жіптердің байланысы, жабысуы бұзылады, химиялық өзгерістер күшейеді, зат деформацияға ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылық заттың тез құрып кетуіне әсер етеді.
Температураның кенеттен өзгеруі жәдігерлерге қатты әсер етеді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда (акклиматизация), жәдігер сол ортаға үйренгенше ылғалдылығы аралық температурадағы бөлмелерде ұсталуы тиіс.
Әсіресе, археологиялық жәдігерлерге өте көп өзгерісті басынан кешіруге тура келеді. Темір заттарда топырақ коррозиясы болады.
Температуралық ылғалдылық режиміне байланысты қалыптасқан бірегей көзқарас жоқ. Көптеген ғылыми еңбектерді нұсқаулар бойынша темір заттары үшін +180 +200 С, 50 % - ке дейінгі ылғалдылықта, шыны, эмаль, кеамика заттары үшін +120 +200 С және 55-65% ылғалдылықта, тастар (бағалы, жартылай бағалы) +150 +180 С, 50-55% ылғалдылықта, ағаш зат +150 +180 С және 50-60% ылғалдылықта, тері, аң терісі бұйымдарын +160 +180 С, 50-60% ылғалдылықта, қағаз +170 +190 С 50-55% ылғалдылықта, өнер суреттері +120 +180 С және 60-70% ылғалдылықта, қара суретер +120 С, 40-50% ылғалдылықта, түрлі – түсті сурет +50 С, 40-50% ылғалдылықта, маталар үшін +150 +180 С, 55-65% ылғалдылықта, сүйек, мүйіз, тасбақа заттары үшін +140 +150 С, 50-60% ылғалдылықта ұстауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет