Мазмұны Глосарий Дәрістер Практикалық сабақтар


Дәріс.3 Музей және музей ісі құрылымы



бет3/14
Дата02.11.2022
өлшемі47,98 Kb.
#46849
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Лекция Музей

Дәріс.3 Музей және музей ісі құрылымы:
Музейтану ғылыми пән ретінде білім жүйесі қалыптасқан, өзіндік ұрылымы бар сала. Музейтануға тарихи, теориялық, қолданбалы элементтер кіреді. Музейтану құрылымы төмендегідей:

  1. Музейтанудың тарихы мен тарихнамасы

  2. Музейтану теориясы

  3. Музейлік дерекнама

  4. Қолданбалы музейтану





Музей жүйесі және жіктелуі.
Музейлер жабық жүйедегі, мемлекет пен қоғам алдында музей заттарын сақтау, қорғау, пайдалану функцияларына жауап беретін мекеме. Музей жүйелері әртүрлі профильдегі, типтегі музейлерден тұрады.
Музейлер негізгі профилі жағынан төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Тарихи музейлер – тарих білімі мен ғылымына негізделген жүйе бойынша бөлінеді. Олар:

а) жалпы тарихи
б) археологиялық
в) этнографиялық
г) нумизматикалық
д) тарихи – экономикалық
е) білім мен ағартушылық тарихы
ж) арнайы тарихи музей (спорт тарихы, музыка тарихы
т. б.)

  1. Көркемөнер музейі. Өнер мен өнертануға қатысты барлық музейлер. Мысалы, өнертану музейі, картина галереясы, мүсін музейі, қолөнер музейі, қолданбалы өнер музейі, гравюра кабинеті, театр, музыка, кино өнері музейлері т. с. с.

  2. Табиғи – жаратылыстану тарихи музейлері - өз жұмыстарында жаратылыстану ғылымы пәндеріне сүйенеді. Оған биологиялық, ботаникалық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палентологиялық, антропологиялық және экологиялық т. с. с. музейлер жатады.

  3. Техникалық музейлер – техника ғылымымен тығыз байланысты музейлер, оған: политехникалық, техникалық, авиация, автокөлік, байланыс, кеме жасау, тау – кен ісі, темір жол көлігі, жеке өнеркәсіптер музейі, техника ескерткіштері т. с. с. музейлер жатады.

  4. Әдеби музейлер - әдебиет салаларына бағытталған, белгілі жазушылардың өмірі мен қызметіне арналған музейлер.

  5. Комплексті музейлер – екі, үш профильде жұмыс жүргізетін музейлер. Мысалы, тарихи – көркем, тарихи – архитектуралық, ауыл шаруашылығы музейі т. с. с. Комплексті музейлердің кең тараған түрі - өлкетану музейлері. Олар тарих пен жаратылыстану бағытын біріктіріп жұмыс істейді. Ал типтік жағынан музейлер 3 – ке бөлінеді:

    1. ғылыми зерттеу;

    2. көпшілік – ағарту;

    3. зерттеу, академиялық – оқу.

Қазіргі музей жүйесінде ғылыми зерттеу типі кең тараған. Ал академиялық оқыту музейлері белгілі бір ғылыми салаға байланысты зерттеу жұмысын терең жүргізеді. Әсіресе, музей қорларын жинақтаған кезде далалық экспедиция жұмыстары, бірлескен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі кеңінен қолданылады. Музей жұмысы тек өткен дәуірдің ескерткіштерін жинап қана қоймай, қазіргі заамн тұрғысынан да үнемі ізденушілік, зерттеу жұмыстарын үзбейді. Ғылыми жұмыстардың көп міндеттері экспозициялар арқылы шешіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет