Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру



бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі23,12 Kb.
#86004
  1   2   3
Байланысты:
зерттеушілік


Home » Баяндамалар » Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру”
Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру”
 Баяндамалар 0 5,759 қаралған 2019-06-11
«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн
Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.
Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “ басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.
”Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз” демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп, қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет.
Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі.Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. 1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба — латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген ұғымды береді. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Зерттеушілік оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл-адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Осылайша, жобалау мен зерттеу басынан-ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше. А.И.Савенков “жобалау мен зерттеу бағыттылығы, мен мағынасы және іс-әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі’’, атап көрсетті. Дегенмен жобалар әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:
-оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;
-ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;
-өз білімін өздігінен құрастыра алуы;
ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;
-сын тұрғысынан ойлай алуы;
Екі әдіс те оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес, топтық, жұптық), оны арнайы бөлінген уақыт аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды. Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:
-кіріктірілген білім мен оны шешудің зерттеушілік ізденісін талап ететін проблеманың болуы;
-алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңыздылығы;
-оқушының өзіндік әрекетін;
-жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып құрылымдау;
-зерттеу әдістерін қолдану, яғни проблеманы және одан туындайтын зерттеу әдістерін анықтау; зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат жинау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу; алынған өнімнің тұсауын кесу, талқылаулар мен қорытындылар.
Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет