Дәрістің қысқаша мазмұны: 1-сыныпқа дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріпті танымайды. Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады. Жүгіртіп оқи алатындарға «Әліппе серігінен» қосымша матернал беріледі. Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды, Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындаганда сол класс коллективінің ең бір пайдалы мүшесІ сияқты сезінетін жағдай жасалганы жөн. Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы такырыбына сәйкес Іріктеледі (әдетте «әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы принцип әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтіи мақсаты — сабақ үстінде окушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр окушының дайындығына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.
Қайсыбір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді, Мысалы, «құрал-саймандар». Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі, Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, біз. машина суреттерін алады. Олардап гөрі тәуір оқитындар: шалғы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар: тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, ше-ге алады. Әрбір оқушы кұрал-сайманға жататындарын іріктеп сөз құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан сон әр оқушыдаи ол сөзді неге кұрал-сайманға жатқызғаны, ол кұралмен не істелетіні, қалган картинканы неге кұрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.
Сөйтіп, заттардың атын айтып, сөз кұрау жұмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады.
Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оки бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оки алатындарды көп ұзамай куып жетеді.
Балаларда өздіктерінен орындайтын жұмыстарының үлгілеріне мысал: Жаңа оқи бастағандарға: Әліппеден мал сөзін құрау; мал тексін оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға: мал аттарын құрау; оған өздіктерінеи текст құрастырып айтып беру т. с. с.