Мазмұны глоссарий Негізгі әдебиеттер Дәрістер глоссарий



бет25/29
Дата14.11.2022
өлшемі115,86 Kb.
#49986
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Дәрістің қысқаша мазмұны: Сөздік жұмысы да, сөйлем кұрау жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - логика мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір такырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты азды көпті бөліктерден тұратын біртұтастық.
Бастауыш мектептің әдістемесінде байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлері:
1) сұрақтарға кеңейте жауап беру, әңгімелесу;
2) оқығанды талдауға, грамматикалық материалдарды өтуге байланысты алуан түрлі мәтіндер мен жаттығулар;
3) бақылау күнделіктерін жүргізу;
4) оқығанды ауызша, жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада);
5) берілген тақырып, сурет бойынша, бақылау аркылы жинаған материалдары туралы, басы немесе аяғы берілген материалдар туралы, т. с. с. ауызша, жазбаша әңгіме кұрастыру;
6) жаттап алған көркем мәтіндерді айту;
Шығармашылық жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: мұғалім ең алғашқы қарапайым мысалдармен қанағаттанбауға тиіс. Ол ұзақ синтаксистік күрделі, шын мәнінде жақсы сөйлемдер кұрастыру жағын іске асырады.
Мұнда жұмыстың нәтижесін шығарып, кейбір жақсы сөйлемдерді жазып қою сияқты шығармашылық жарыс ұйымдастырудың көмегі зор.
Шығармашылық түрде сөйлем құрау оқу сабақтарында окығанды талдауға және мазмұнын айтуға байланысты, грамматика сабақтарында - түрлі жаттығуларға байланысты, шығармаға дайындалу барысында, үйренген сөздерін колдану белсенділігін арттыру жұмыстарының барысында үздіксіз, жүйелі жүргізіліп отырады.
Дәрісті қорытындылау: Шығармашылық жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: мұғалім ең алғашқы қарапайым мысалдармен қанағаттанбауға тиіс.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тіл дамытудағы сөйлемдердің ролі.

  2. Баланың ойын дамытудағы бақылау, салыстыру, ұғыммен жұмыс.

  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.- Алматы., 1999ж.
2.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –А., 1987ж.
3.Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту.-А., 1926ж.
4.Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру.-А., 1968ж.
5.Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту.. – А.,1997ж.
6.Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. –А., 1997ж.
7.Рахметова С., Жаманқұлова П. Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. –А., 1998ж.
8.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. –А., 1997ж.
9.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі. Атамұра. 2005ж.
10. Жумабаева Ә.И., Уайсова Г.И., Сәдуақас Г.Т., Оспанбекова М.Н. Сауат ашу. 1-2 бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық.Алматы, Атамұра 2016ж.
11.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001ж.
12.Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004ж.
13. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.
13.Байтұрсынов А. Сауат ашқыш. –Орынбор. 1924ж. Семей, 1926ж.
14.Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А.. 1995ж.
15.Қалиев С., Баймұратова Б. Өзіміз оқып үйренеміз. А., 2004ж.

14 -дәріс тақырыбы: Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері.


Дәрістің жоспары:

  1. Сауат ашу процесіне қойылатын педагогикалық талаптар.

  2. Сауат ашу кезеңдері.

  3. Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет