Дәрістің қысқаша мазмұны: Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді(маусымдық өзгерістерді). Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгідері жөнінде қорытынды шығарады. Маусымдық өэгерістердін себептерін түсіндіреді (күннің сәулесі мен жылуына байланысты). Табиғат календарын жасайды. Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау-бакшадагы, егістіктегі, мал шаруасындагы қызметіндегі өзгерістерін байқайды.
2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімиің ролІ туралы қарапайьш елес қалыптасады. Оку әреке-тінің негізгі ережелеріыен танысады, танымдык ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінін жәнс жолдастарыныц табыстарына қуану т. б. с. с, үйренеді.
3. Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімсн танысады. Оқулықтарды, оқу жабдықтарын ұқыпгы ұстауға дағдыланады, ертеңгіліктерге қатысады (Кітап мерекесі», «Әліппемен кездесу», «Әліппемен қоштасу» т. б.).
4. Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынаи өткен уақиғалар мен бүгінгі жайы және болашағы, салт, дәстүрі туралы, түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтынымызды т. б. біледі.
5. Адамдарлын еңбектеріи бағалауға үйренеді, мектеп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағамдарды төгіп-шашпау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетінде шыққан көгалды таптамау т. б. с, с. бі леді және сондай әрекеттерге дағдыланады.
6. Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлык, нормаларымен танысады. Жақсы деген немене, жаман деген немене екенін айырады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, карапайымдылық т. б. с. с. қа-сиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.
7. Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен танысады,
8. Санитарлық-гнгиеналық ережелерді орындауға үйренеді.
Бұл жұмыстар сабақ үстінде де, сабақтан тыс уакытта да жүргізіледі.
Дәрісті қорытындылау: Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінде кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, қарапайымдылық т. б. с. с. қасиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.