Дәрістің қысқаша мазмұны: Сауат ашу пәнін оқытудың негізгі мақсаты - баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, хат таныту, яғни оқу мен жазуды үйрету, тілін, ой-өрісін дамыту.
«Әліппе» оқулығын әзірлеуде психология, педагогика, лингвистика ғылымдарынын жетістіктері ескерілген. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен оқыту технологияларының элементтері пәнге сәйкес колданылған, атап айтқанда, дамыта оқыту технологиялары, ықпалдастырып (интеграция) окыту, деңгейлеп окыту (міндетті денгей және мүмкіндік деңгей).
Окулық мазмұны коммуникативтік іс-әрекетке, танымдылыкка, ана тіліне қызығушылыққа негізделген.
Оқулықтың құрылымы сауат ашудың дәстүрлі үш кезеңіне сәйкес құрылған: I) әліппеге дейінгі кезең; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең
Әрбір кезеңнің өзіндік оқыту мақсаты бар: әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты - балаларды сауат ашуға дайындау, яғни сөздін қорын байыту, ауызша байланыстырып сөйлеу тіліне үйрету, жазу дағдыларына даярлау; әліппе кезеңінің мақсаты — тіліміздегі дыбыстар мен олардың әріптерін меңгерту, менгерген әріптерді пайдалана отырып. буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, шағын мәтін оқытып үйрету; әліппеден кейінгі кезеннің мақсаты - әр түрлі мәтіндерді еркін буындап және тұстас сөзбен оқуға үйрету, оқу дағдыларын калыптастыру.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруға сәйкес шсу материалдары осы үш кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне қарай ұсынылған.
Әліппенің алғашқы беті Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балаларға арнау сөзімен ашылады. Сонымен катар, Ақорда мек бәйтеректің суреттері берілген. Бұлар Балаларды отансүйгіштік, Республикамызды кұрметтеу, қастерлеу, мақтан тұту сезімдеріне баулиды.
Мектепке келу, оқушы атану - бала өміріндегі үлкен жетістік, Бала үшін де, ата-анасы үшін де зор қуаныш. Дегенмен, бала үшін жаңа ортага бейімделу, жаңаща тәртіпке бағыну, окушылық міндеттерді атқару, жауапкершіліктің жүктелуі, оқу әрекетімен шұғылдану, карым-қатынас жасайтын адамдардың өзгеруі сияқты бірқатар өзгерістерді бастан кешіруге тура келеді. Бала мектепке әр түрлі ортадан (отбасынан, балабақшадан) келеді, яғни тәрбиесі де әркалай болады. Сол себепті балалардын өзін-өзі ұстай білуі, айнала қоршаған орта туралы түсінігі, адамдармен карым-қатынас жасауы әркилы денгейде болып келеді. Ал мұның өзі мұғалімге үлкен жкауапкершілік жүктейді.
Сондыктан да әліпппеге дейінгі кезеңде ұсынылатын оқу материалдары бала өмірімен байланыстырыла беріледі. Басты тақырыптар ретінде мектеп, сынып іші, мектептегі коғамдық мүліктер, оку-техникалык кұрал-жабдыктар, денсаулық сақтау, спорт алаңы, дұрыс тамактану, асхана, күн тәртібі, көшеде жүру ережесі, бағдаршам кызметі, көлік түрлері, кітапхана, жан-жануарлар, аңдар, кұстар. жеміс-жидектер, көкөністер, отбасы мүшелері туралы бейнелі, сюжетті суреттер такырыптық жүйе арқылы ұсынылған. Осы тақырыптар негізінде баланың тілін, ойын дамытуға, сөздік корын байытуға, ауызша дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету максаты көзделеді. Оқушыларға «сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс» туралы алғашқы ұғымдар практикалык жолмен нақты мысалдар арқылы беріледі. Аталған тілдік ұғымдардың әрқайсысына тән сызбасы таныстырылып, олармен жұмыс жүргізуге үйретіледі.
Сауат ашудын әліппе кезеңі - аса күрделі де жауапты. Бұл кезеңде окушылар ана тіліндегі барлық дыбыстар және олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді.
Окулықтағы әліппе кезеңіндегі дыбыстар мен олардың әріптерінің тізбесі мынадай:
1) а, т, п. н, ғ, р, л, у;
2) ш, й, о, қ, д, м, б, с, ы, ж, ү, н;
3) е, к, і, ө, и, э, е, ү, г;
4) ю, х, һ, в, ф, ё, з, щ, д, ч, ъ, ь.
Әліппе оқулығында тіліміздегі дыбыстар мен олардың әріптерінің, тізбесін осылайша ұсынудың өзіндік себебі бар. Өйткені мұндағы көзделетін мақсат балаға әрбір дыбысты таныстырып, оның әрпін үйретіп қана қоймастан, осы танысқан әрпін қатыстырып, неғұрлым көбірек буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, тіпті шағын мәтін окытып үйрету. Сондықтан да баланың алғашқы тілдік сауатын ашу үшін әліппе әзірлеудің сыры мен құпиясы осында жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |