Дәрісті қорытындылау: Cауат ашу әдістемесі пәнінің ұстанымдары мен заңдылықтарын таныстыру.Сауат ашу пәні бойынша дайындалған стандартқа шолу. Стандарт ережелері: "Сауат ашу" пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламалары. Сауат ашу технологиясы. Бақылау сұрақтары: 1 Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылықтары.
2. Ана тілін меңгеру заңдылықтарын оқытудың маңыздылығы.
3. Cауат ашу әдістемесі пәнінің ұстанымдары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.- Алматы., 1999ж.
2.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –А., 1987ж.
3.Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту.-А., 1926ж.
4.Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру.-А., 1968ж.
5.Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту.. – А.,1997ж.
6.Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. –А., 1997ж.
7.Рахметова С., Жаманқұлова П. Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. –А., 1998ж.
8.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. –А., 1997ж.
9.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі. Атамұра. 2005ж.
10. Жумабаева Ә.И., Уайсова Г.И., Сәдуақас Г.Т., Оспанбекова М.Н. Сауат ашу. 1-2 бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық.Алматы, Атамұра 2016ж.
11.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001ж.
12.Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004ж.
13. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.
13.Байтұрсынов А. Сауат ашқыш. –Орынбор. 1924ж. Семей, 1926ж.
14.Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А.. 1995ж.
15.Қалиев С., Баймұратова Б. Өзіміз оқып үйренеміз. А., 2004ж.
2.1. 3- дәріс тақырыбы: Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қойылатын педагогикалық талаптар.
Дәрістің жоспары:
Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай
қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері.
2.Әңгімеде қолданылатын әдіс- тәсілдер:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.
Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді.
Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең, ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор. Сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.
Баланың алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінің тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.
Сондай пәндердің бірі алты жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.