Мазмұны I. Кіріспе II. Жылу энергиясының тиімді технологиялары


II.Жылу энергиясының тиімді технологиялары



бет2/8
Дата19.12.2022
өлшемі2,92 Mb.
#58245
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба финал

II.Жылу энергиясының тиімді технологиялары.
2.1.Жылу технологиялық процестер мен қондырғылар.
Жылу-массаалмасу қондырғыларының жіктелуі
Барлық жылу-массаалмасу процестері мен қондырғыларын жоғары, орташа, төмен температуралы және криогендік деп бөледі. Жоғары температуралы технологиялық процестер мен қондырғыларға, мысалы, өнеркәсіптік пештерді жатқызады. Ондағы жұмыстық температуралары 400÷2000 0С аралығында болады.
Орташа температуралы технологиялық процестер мен қондырғылардағы (буландыру, тазарту, кептіру кезіндегі) жұмыстық температуралар аралығы 150÷700 0С.
Төмен температуралы жүйелерде (жылыту, желдету, ауаны баптау, жылу сорғылық және тоңазытқыш қондырғыларында) – 150-ден +1500С-ге дейін. –1500 С-ден төмен құбылыстарды қриогендік деп атайды (мысалы, ауаны ажырату).
Ең көп тараған процесстер: қыздыру, салқындату, шықтау, буландыру, кептіру, дистилляция, тазарту, балқыту, қиыршықтау (кристалдау), қатаю. Бұлардың кейбіреулерінде жылуалмасумен қатар массаалмасу да орын алады (сорбция, диффузия (таралу) және т.б.).
Жылуалмастырғыш – екі немесе бірнеше орталар арасында жылуалмасу өтетін құрылғы.
Массаалмастырғыш – екі немесе бірнеше орталар арасында массаалмасу өтетін құрылғы.
Бір уақытта жылу және массаалмасу өтетін құрылғыны жылу-массаалмастырғыш деп атайды. Газ тәрізді, сұйық және қатты заттарда фазалық және химиялық түрленулер орын алғанда оларда жылу тасымалдау ағындық (конвекция), жылуөткізгіштік, сәулелік болуы мүмкін. Қызуы жоғары денеден (заттан) қызуы төмен денеге (затқа) жылу беруге қолданылатын немесе жылуалмасатын, қозғалатын орталарды жылутасығыштар дейді.
Жылуалмастырғыштарды (ЖА) міндетіне байланысты қыздырғыштар, буландырғыштар, бу түрлендіргіштер, шықтағыштар, тоңазытқыштар және т.с.с. деп атайды. Жылу-массаалмастырғышқа, мысалы, кептіргіштер, суды салқындататын градирнялар және т.б. жатады.
Жұмыс істеу принципі бойынша ЖА-ды беттік (рекуперативтік), жаңғыртулық (регенеративтік) және түйіспелік (контактілік) деп бөледі.
Рекуперативтік ЖА-да бір жылутасығыштан басқасына жылу беру оларды бөлетін қабырға арқылы жүзеге асырылады (1.1, а-сурет). Жаңғыртулық ЖА-да қыздыратын және қыздырылатын жылутасығыштар кезекпен қыздыру бетінің (толтырманың) бір жағынан ағыстайды (1.1, б-сурет). Қыздыратын жылутасығышпен жанасқанда қабырға (толтырма) қызады, яғни жылуды жинақтайды, ал қыздырылатын жылутасығышпен жанасқанда оған жылу береді және салқындайды.
Түйіспелік ЖА-да жылуалмасу жылутасығыштар тікелей жанасқанда өтеді және масса тасымалдау орын алады. Басқа түйіспелік ЖА-дан араластырғыштарды бөледі, оларда жылутасығыштар ағындары толық немесе ішінара араласады (мысалы, градирняда қызған сумен салқын ауа араласады). ЖА-тар кезеңді (периодтық) немесе қалыптасқан (үздіксіз) тәртіптерде жұмыс істейді.
Аралық жылутасығышы бар ЖА 1.1, в-суретте көрсетілген. Жылуқұбырлық ЖА-да жылу қызған ортадан (денеден) саңылаусыз құбырдағы аралық жылутасығышқа беріледі, ол буланады. Ал салқын аймақта аралық жылутасығыш шықтанады да, құбырларды ағыстайтын салқын ортаға жылу береді.

а – беттік (рекуперативтік); б – жаңғыртулық (регенеративтік); в – жылуқұбырлық; II және III – қыздыратын жылутасығыштың кіруі және шығуы; III және IIII – қыздырылатын жылутасығыштың кіруі және шығуы; 1 – айналатын толтырма (насадка).


1.1-сурет. Үздіксіз жұмыс істейтін жылуалмастырғыштардың қағидалық сұлбалары


Егер жылуалмасуға қатынасатын ыстық және салқын орталар қыздыру беті бойынша бір бағытта қозғалса, ЖА тура ағынды, қарама-қарсы бағытта қозғалса – қарсы ағынды, ал қиылысып қозғалса – қиылысқан ағынды болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет