Өндірістік шу (Производственный шум) — өндірістік жайдағы жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден шығатын шу.Өндірістік шу дыбыс жұтатын қүрылғылар (үй-жайдың төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар (қаркындылығы және толқыны бірдей, бірак қарсы фазадағы шумен басу және т.б.) арқылы басылады.
Өндірістік шу (Производственный шум) — өндірістік жайдағы жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден шығатын шу.Өндірістік шу дыбыс жұтатын қүрылғылар (үй-жайдың төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар (қаркындылығы және толқыны бірдей, бірак қарсы фазадағы шумен басу және т.б.) арқылы басылады.
Шу деп адам ағзасына қолайсыз әсер ететін оның жұмысына және демалуына кедергі жасайтын кез-келген жағымсыз дыбысты немесе осындай дыбыстың жиынтығы.
Физикалық мәні бойынша шу толқын тәрізді таралатын серпімді ортаның (газ, сұйық және қатты), заңды түрде ретсіз кездейсоқ сипаттағы механикалық тербелістің қозғалысы. Оның көзі, уақытша күшпен тұрақты жағдайынан шығарылған, кез-келген тербелістегі дене. Дыбыс толқынын сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері тербеліс амплитудасы, таралу жылдамдығы және дыбыс жиілігі.
Тербеліс көзіне тікелей жанасып жатқан ауа арқылы берілуі кезінде ауа бөлшектері тербеліс үрдісіне қатысады да ауа қысымының ырғақты жоғарылауына және төмендеуіне әкеп соғады. Атмосфералық қысымға қосымша пайда болатын бұл қысым дыбыс қысымы деп аталады.
Табиғи пайда болуына қарай:
Акустикалық шу - ағзаға ерекше қасиетімен әсер ететін және күрделі уақыттық құрлымымен ерекшелінетін, үндестегі жоқ дыбыс.
Механикалық шу – қатты денелердің дірілінен (жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизимдерден) пайда болады.
Аэро және гидродинамикалық шу – бос ағыстағы газдың, будың және сұйықтықтың әртүрлі жылдамдықпен қозғалғандағы қысым пульсациясы нәтижесінде пайда болады.
Термиялық шу – ағын турбулизациясынан, жану кезінде газдардың флуктуациясынан және жарылыс немесе разрядтану кезіндегі жылудың қарқынды бөлінуі нәтижесінде пайда болады.
Кавитациялық шу – сұйықтықтағы көпіршіктің жарылу нәтижесінде пайда болатын дыбыстық импульстер.