Мазмұны Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері


Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде



бет7/16
Дата25.11.2023
өлшемі1,58 Mb.
#126982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-танымдық-белсенділігі

1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа , дәстүрсіз түрлері де пайда болуда.Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда.Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.Сыныптық -сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды.Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік -зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлеледеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятып, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту.Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор.
Ол барлық оқу пәндерінде , әсіресе физика, химия, биология, тарих сабақтарында кеңінен қолданылады.Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар: Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады.Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында үйымдастырылады.
Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі. Үшіншісі - қорытынды экскурсия.Ол күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау,бекіту мақсатын көздейді.ХVШ ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты.Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге байланысты ұйымдастырылады.Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді.Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданып, олардың міндеттері , мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау.Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп,жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді.Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар. Пәндік үйірме жүмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар.Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдай туғызып отырады.Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жүмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат -бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.Сынақ жүмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақьлау және топтық, практикалық - лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.Сондықтан да оны кейде оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.Оқушының үйдегі оку жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады.Оның маңызы оқыту жүмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше.Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады.Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл- ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет