Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері. 1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәні.
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Птарау. Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі. 2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі.
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.
Қорытынды. Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар. Ітарау.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері. 1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні. Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы , оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.