Мазмұны кіріспе 1 Қазақ Әдебиетіндегі постмодернистік ағымның дамуы



бет7/8
Дата18.05.2023
өлшемі211,7 Kb.
#94490
1   2   3   4   5   6   7   8
ҚОРЫТЫНДЫ

Постмодернизм ұғымы қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың соңындағы өзінің көпмағыналығымен мәдениеттің әр түрлі салаларында байланысты қалыптасқан термин болып табылады. Басқа терминдер секілді аталмыш терминнің де өзіндік кең ауқымды тарихы бар. Сонымен постмодерн, яғни постмодернизм ағымы «жаңадан кейінгі жаңа» не болмаса «қазіргіден кейінгі жаңа» деген аудармаға ие болып жүр. Айты айтып тұрғандай, постмодерн кезеңі модерн кезеңінен кейін дүниеге келді. Қорыта келе, сценарист, көсемсөзші, көрнекті прозашы, кинодраматург, сыншы Дидар Амантай тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиетінде батыл түрде жаңа ағымға қадамдар жасап, жаңашыл, әрі посмодернист қаламгер. Жазушы батыстық постмодернге тұтастай бой алдырмай, көзсіз ермей, постмодернизм прозасы мен поэтикасына ұлттық мүдденің нышандарын енгізе білді.


Бүгінгі қоғамның құлдырау, азғындалу үрдістеріне «постмодернистік» кезеңдегі қарсы келетін күш ретінде ұлттық идеологияның ғана басты қару екенін қаламгер өз шығармаларында астарлап көрсетеді. Адам баласының жаратылысы мен дүниенің тылсым сырларының сарқылмас сұрақтарына постмодернистік таным тұрғысынан жауап береді. Сонымен бірге жазушы өз шығармаларында адамзат ғұмырының философиялық құпияларын ашады.
Қаламгер шығармаларын жанрлық тұтастық, шығармашылық бірізділік жағынан қарастыра отыра, Д. Амантай талантты жазушы ретінде қазақ прозасын тек қана тақырыптық жағынан ғана емес, мазмұндық, идеялық, эмоциялық-экспрессивтік, формалық және пішіндік жағынан да байытты деген тұжырымға келеміз.
Философиялық, сәулеттік және т.б. ғылым салаларымен қатар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы 70-80 жылдар аралығында өнердің маңызды бағыттарының бірі болып постмодернизм дамыды. Және де постмодернизм деконструктивизм мен постструктурализм салаларымен тығыз байланыста екендігін байқатты. Аталмыш тарихи кезеңде постструктурализм және постмодернизм арасындағы жалпы әдіснамалық және дүниетанымдық байланыстар айқындалды. Алғашында әдебиет мен өнер теориясы ретінде рәсімделіп, сан түрлі неоавангардтық бағыттар теориясын игеруге және оларды жалпы идеялық тұрғыдағы эстетикалық қорытындыға келтіруге әкелуге ұмтылған постмодернизм ағымы сексенінші жылдардың жартысынан бастап постструктурализмге сайма-сай құбылыс ретінде қарастырыла бастады. Көптеген зерттеулер бойынша аталмыш терминдер синонимдік терминдер ұғымында сипатталады. Ал диплом жұмысымыздың бірінші таруында көрсеткеніміздей, постмодернизм бағытының қазақ әдебиетіне әсері айқын болды. Жоғарыда айтып өткендей, ғаламдық рухани-мәдени құбылыс үздіксіз даму үстінде болатын үдеріс екенін білеміз. Барлық халықтардың дерлік әдеби-мәдени өмірінде болатын бұл жайдан біздің ұлттық әдебиетімізде қалыс қалып қоймады. Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді қандай жағдай болмасын дүниежүзілік заңдылықтардан бөліп қарастыра алмаймыз. Модернизм не болмаса постмодернизм секілді әлемдік деңгейде сипат алған әдеби құбылыстардың ұлттық әдебиетімізге де келіп жеткенін жаңашыл қаламгерлердің әдеби шығармаларынан көреміз.
Модернизм ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жаһандық әдебиеттің өзекті мәселелерінің бірі болғаны бәрімізге мәлім. Ал бүгінгі таңда отандық әдебиет зерттеуші ғалымдар постмодернизм саласын зерттеп бастап кетті десек артық айтқандық емес. Постмодернизмнің де, модернизмнің де теориялық және идеологиялық негіздері өз замандарының сұраныстары мен талаптарына жауап беріп қана қоймай, оларды түбегейлі өзгеріске ұшыратқан ағымдар болып табылады.
Қазақ қоғамында ХХ ғасырдың басында ұлт-азаттық кезең екені сонау тарихтан белгілі. Бұл кезеңде қоғамдағы қайшылықтардың орын алып, шешімі күрделенген мәселелер туындап, мәдениет рухани түрде құлдырап, санада дағдарыстар пайда болған кезде осыған қарсы мәдени жауап және де жаңа ізденістердің нәтижесінде ғасырда жаһандық әдебиетте үстемдік еткен модернизм ағымының ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм жазушыларымыз бен ақындарымыз тарапынан өзінің жаңашылдық сипатын жоғалта бастады. Ал ғалымдарымыз болса постмодернизм әдебиетінің шындық болмыспен арақатынасын, танымдық мүмкіндігін бағдарлау, зерттеуді төл әдебиетімізде әлі де болса көкейтестіде тың мәселе күйінде қалдырып отырғаны шындық.
Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдебиет тілі оқырманға түсінікті болатын. Ал, постмодернизмде шын мәнісінде әдеттен тыс, оғаш жайттар жетіп артылады. Сондықтан да оқырман үшін осы ағымдағы жазушылар полиглот, эрудит, кейбір тұстарда философ пен мәдениеттанушы болып та көрінуі мүмкін. Постмодерндік әдебиеттің негізгі ұстанымы өмірдегі ұқсастықты жою, жанрлардың шекарасын тас-талқан етіп, себеп-салдар байланысынан қол үзіп, әдістерді орнықтырып, логикалық байланысты жоққа шығару болып табылады. Бүгінгі қазақ әдебиетінің көркемдік эстетикалық жүйесі жаһандануға орай контрастылық ойынды, гиперболизациялауды, метафоралық трансформацияны, аллегория жүйесі мен абсурд формасын, гротеск, фантастиканы, философиялық-образдық түзілуді күрделендіруді белсенді түрде пайдалануға көшкен. Қаламгерлер тарапынан мұндай еркіндікке ие болулары барлық деңгейде әдеби ойынның: оймен, сюжетпен, аксиологиялық санаттармен, идеялармен жан-жақты байланысын туындатады. Осындай ерекше еркіндікті дипломдық жұмысымыздың тақырыбына арқау болған Д.Амантай шығармаларынан көре аламыз.
Бүгінгі күні әдебиеттің коммуникативтік, тәлім-тәрбиелік, танымдық, адамгершілік және этика - эстетикалық талаптары бұрын соңды болмаған айтулы өзгерістерге ұшырап отыр. Қалыптасқан дәстүрлі әдебиетте қаламгер өз оқырманына әлемдік келбет пен мен адамзат тұлғасы туралы ұғымды сіңіртуге ұмтылған болса, қазіргі кезде бұл әдеби әдіс-тәсілдер артта қалып, әрбір жаңашыл автор өз оқырмандарына түрлі жағдаятта өзінің интелектуалды ойынын көрсете бастады. Ғаламдық өзгерістер орын алып, шындық анықталмайтын не болмаса ақиқат қажетті емес әдеби жаңа дәуір келіп жетті. Жаңашылдықты керек ететін оқырмандары үшін қазақ қаламгерлері де аянып қалмады. Осындай заман талаптарына сай қаламгерлеріміздің бірі Д.Амантай екендігіне көзімізді жеткіздік. Қазақ әдебиетіндегі тың да жаңашыл дүниелерді асқақтатып жүрген Д.Амантай сынды жазушыларымыздың еңбектері талғамы жоғары оқырмандарының биік талаптарын қанағаттандыра алады. Осы орайда ғалымдар қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күйін екі қырынан қарастыруға ұсыныс жасап отыр. Біріншісі, реалистік дәстүрді мойындамау болса, екіншісі, аталмыш көркемдік жүйенің мәдени кең ауқымды құндылықтарын сараптап, отандық әдебиетімізге енгізудің жолдарын зерделеу болып табылады.
Аталмыш жұмыста қазіргі қазақ әдебиетіндегі өзіндік ерекше қолтаңбаларымен көрініп жүрген Д.Амантай, Р.Мұқанова т.б. қаламгерлеріміздің жекелеген шығармаларындағы постмодернизм ағымының элементтерін зерделедік. Сонымен қатар Дидар Амантайдың шығармаларындағы сипат пен тақырыптық өзгешеліктер де қарастырылды. Қорыта айтқанда, диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттерін орындай алдық деген пікірде отырып, міндеттелген мәселелерді қарастырып, өз әлімізше сарапқа салдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет