2.7. Болымсыздық есімдігі (negative pronouns)
No есімдігі сын есімдік есімдік ретінде жекеше және көпше түрдегі зат есімнің алдына қойылады. No есімдігінің not… a мен not…any мағынасы бар (көпше түрдегі санды зат есім мен сансыз зат есім алдында). Пайдаланылған кезде no етістігі бекіту түрінде болады:
I have no place to go – Менің баратын жерім жоқ.
There’s no water in the pot – Шәйнекте су жоқ.
Бастауыш рөліндегі зат есімнің алдына әдетте no ( not… a немесе not… any емес), пайдаланылады. Ол орыс тіліне бірде-біреуі емес, ешқайсысы болып аударылады:
No information has been received from him –Одан ешқандай хабар болған жоқ.
No student has registered for the fall semester yet. – Бірде-бір студент күзгі сессияға әлі тіркелген жоқ.
No зат есімдік есімдік ретінде қолданылады. Оның орнына none есімдігі пайдаланылады. өз кезегінде none есімдігі сын есімдік есімдік ретінде қолданылмайды:
How many pictures have you taken here? None. – Сіз мұнда неше фотосурет жасадыңыз? Бірде-біреу.
No есімдігі body, one, thing тіркесіп nobody, no one (никто), nothing (ничего),есімдіктерін құрайды, олар зат есімдік есімдік ретінде қолданылады. Бұл есімдіктер етістікпен бекіту түрінде қолданылады, себебі ағылшын тілінде тек бір ғана теріске шығару болады. Nobody, no one мағынасы жағынан not anybody, anyone, а nothing – not anything тең.
We saw nobody there. – Біз онда ешкімді көргеніміз жоқ.
There was nobody in the room – Бөлмеде ешкім болған жоқ.
He said nothing about it – Ол бұл туралы ештеңе деген жоқ.
Nobody, no one, nothing бастауыш ретінде қолданылғанда етістік жекеше түрге қойылады:
Nobody is asking you to go away – Саған ешкім кет деп жатқан жоқ.
Nothing is on the table – Үстелдің үстінде ештеңе жоқ.
No есімдігі where бірлесіп (ешқайда емес) үстеуін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |