Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы


Белгісіздік есімдігі (Indefinite pronouns)



бет22/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
Документ Microsoft Word

2.6. Белгісіздік есімдігі (Indefinite pronouns)

Белгісіздік есімдіктеріне some, any, no (олардың туындылары), none, much, many, little, few, all, both, either, neither, each, every (олардың туындылары), other, one есімдіктері жатады [1, 16].



much , many, little, few есімдіктері

Much мен many есімдіктері сын есімді есімдік ретінде де, зат есімді есімдік ретінде де пайдаланылады.

Much мен many сын есімдік есімдік (көп) мағынасымен пайдаланылады. Much сансыз зат есім алдында, ал many – санды зат есім алдында пайдаланылады.

I don’t have much time right now – Қазір менің уақытым онша көп емес.

I’ve seen many fancy cars, but I’d never seen one like this! –Мен көп жақсы машина көрдім, бірақ мұндайды көрген емеспін!

Much мен many зат есімдік есімдік much (көбі, көп бөлігі), many (көбі)мағыналарымен қолданылады. Бұл жағдайда much мен many кейін әдетте of көмекшісі қолданылады [17].

I had thrown away many of those books – Мен сол кітаптардың көбін лақтырып тастадым.

Much of what you say is true – Сенің айтып отырғаныңның көбі шындық.

Much мен many негізінен сұрау және жоққа шығару сөйлемдерінде қолданылады бекіту сөйлемдерінде оларды a lot (of), plenty (of), a great deal (of), a good deal (of), lots, good many мағыналары алмастырады:

Have you seen much of the city yet? – Сен қаладан көп нәрсені көрдің бе?

Are there many cars in the parking lot? – Тұрақта машина көп пе?

I learned a lot of new things there. - Мен онда көп жаңа нәрсеге үйрендім.

I’ve got plenty of time today – Бүгін менің уақытым көп.

Much сондай-ақ: He doesn’t read very much – (Ол көп оқымайды) үстеуі ретінде де қолданылады.

Little мен few есімдіктері

Little мен few есімдіктері сын есімдік есімдік ретінде де, зат есімдік есімдік ретінде де пайдаланылады.

Little мен few сын есімдік (аз) мағынасымен пайдаланылады. Little сансыз зат есім алдында, ал few санды зат есім алдында қолданылады:

He has few friends – Оның достары аз. I have little time – Менің уақытым аз.

Much мен many сияқты, little мен few негізінен жоққа шығару мен сұрау сөйлемдерінде қолданылады. Олар бекіту сөйлемдеріндегі not many и not much мағыналарына орын береді (егерде олар rather, very, too, so, as, how сияқты сөздермен анықталмаса):

I haven’t got much time (=I have little time) – Менің уақытым аз.

Но: I have very little time – Менің уақытым өте аз.

Little зат есімдік есімдік (аз, аз ғана) мағыналарымен пайдаланылады, ал few есімдігі– аз ғана:

Little has been said about it – Бұл туралы аз айтылған.

Many people were invited, but few came – Көп адамдар шақырылған еді, бірақ оның азы ғана келді.

Little мен few белгісіздік артиклімен тіркесіп пайдаланылады. A little –(көп емес), a few – (көп емес, бірнешеу):

Get me a few candles – Маған бірнеше балауыз шам алшы.

Give me a little water, please – Аз ғана су беріңізші.

Little мен few белгілі артиклмен қолданыла алады, мұндайда (сол аз ғана мөлшердегі), (сол бірнешеуі), (сол аз ғанасы) білдіреді..

The few, who agreed to take part in the experiment will stay here for longer time – Тәжірибеге қатысуға келіскен сол бірнеше аам аз ғана уақытқа осы жерде қалсын [18].

Use the little milk that is still good – Әлі бұзылып үлгермеген аз ғана сүтті пайдалан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет