Мазмұны кіріспе б. Негізгі бөлім б. ҚОрытынды б. ӘДебиеттер тізімі б. Жобаның өзектілігі



бет2/8
Дата31.12.2021
өлшемі93,13 Kb.
#23702
1   2   3   4   5   6   7   8
Жобаның өзектілігі:Қай салада болмасын кез келген еңбек кызметін жемісті жүзеге асыру жоспарды, жұмысты яғни практиканы қажет етеді. Ал практика үшін , ең алдымен сол саланың теориясымен таныс болу керек. Сол сияқты әдебиет десе ең алдымен оның теориясы іспеттес А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» сөз балары анық.Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын, ұлттық әдебиеттану ғылымында ең алғашқы жазылған құндылығы –аса ауқымды еңбек .

Бұл еңбек тұңғыш ғылыми-зерттеу ретінде өз кезеңінде әдеби-теориялық білімдер жүйесінің қалыптасуына ерекше ықпал жасап қана қоймай, қазақ әдебиеттану ғылымының тууына негіз де бола алған құнды мұра.Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу еңбектегі әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігін тигізген.

Асыл сөздің табиғатын, сырын, мазмұны мен ерекшелігін, қоғамдағы рөлін, сөз қадірін білім алушыға ұғындырам дейтін мұғалім бұл еңбекпен танысып қана қоймай , оқыту процесінде өз қажетіне жаратқан жөн.

Жобаның мақсаты: А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінің әдебиеттанулық маңызын ерекшеліктері арқылы түсіндіру .

Оқушының әдебиет теориясын, жазушы шеберлігін , шығармадағы өзекті мәселелерді анықтауда сонымен қатар сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеудегі «Әдебиет танытқыштың» рөлін анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет