Мазмұны кіріспе б. Негізгі бөлім б. ҚОрытынды б. ӘДебиеттер тізімі б. Жобаның өзектілігі



бет7/8
Дата31.12.2021
өлшемі93,13 Kb.
#23702
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ. (3)

Жетіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы бір мәселені ұғындырғанда оны түсіндірудің барлық тәсілдерін қолданады. Оқулық сонысымен ерекшеленеді. Оқушы есінде жаңа дәріс ұмытылмастай сақталады. Бір тақырыптың негізімен бірге іс-тәжірбиелік жағын өмірмен байланыстыра баяндап береді. Мәселен, көркем сөзді түсіндіре отырып, оны кімдер қолданатынын да жан-жақты айтып өтеді: «Ақындар ғалымдар сияқты болған уақиғаны, яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, ақиқаттануға тырыспайды, тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты, жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз ұйғаруынша сүгіреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды, сүйтіп шығарған сөзі – көркем сөзді шығарма болады». Сегізіншіден, термин мәселесінде бірде бір грек, латын не болмаса орыс сөзін қолданбайды. Барлығын қазақы дүниетанымнан, әрбір сөздің өз түбірінен, өз төркінен алып, соны термин етіп түсіндіреді. Бұл да оқушының өзіндік туа бітті жаратылысына лайық, ақылына қонымды тәсіл. «Мінездері ұқсас, біріңғай, бір кейіпті адамдарды кейіптес дейміз. Мінездің белгілі бір түріне кейіп беретін адамдарды кейіпкер дейміз. Жомарттық, сараңдық, батырлық, қорқақтық, түзіктік, бұзықтық – бұлар қай жұртта да болатын мінездердің жалпы кейіптері. Сондықтан мұндай мінезді адамдар жалпы кейіпкерлер болады». «Ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады. Онан да шағындау түрі ұсақ әңгіме деп аталады». Осы тұрғыда «Әдебиет танытқыш» – әдебиетті танытудың шынайы тәсілдерін қолданған.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Әдебиет танытқыш» — қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы іргетасын қалаған қондырғы. Әдебиет әлеміндегі әфсаналары ұлт басылымы «Қазақтың» тұңғыш санын шығарғанда, осы газеттің бас редакторы А.Байтұрсынұлы былай деген екен: «…Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға, ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен-де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен-де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті»



Қорыта айтқанда, «Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбек. Ондағы барлық атаулар мен терминдер қазақ әдебиетінің түсінігіне сай келіп, оқырмандарға ыңғайлы жазылған. Сонымен қатар, бұл еңбектің әлі де жеке құндылық деңгейіндегі мұра ретінде зерттелуі керек екенін және ғылыми айналымға енгізілу қажеттігін айта кеткеніміз жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет