ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ 118-ТОП
ТАҚЫРЫБЫ: Фольклор кейіпкерлерін жеке тұлғаны қалыптастырудағы
маңызды құрал ретінде пайдалану жолдары жобасы
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ 2.2 Жанр – әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
Эпостық жанр. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғаны баяндау арқылы көрсетіледі. Оқиғалар, кейіпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болатын объективті болмыс қалпында алынып, бейнеленеді, жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді. Бұл жанрдың шығу тегі ауызша поэзиядағы халықтық жыр, эпостық поэмадан басталады.
Эпикалық тектің немесе эпостың жанрлық түрлері сан алуан: аңыз, ертегі, мысал, очерк,әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэма, повесть, роман және роман-эпопея.
Эпикалық туындылар көркем қара сөзбен де,өлеңмен де жазылады. Енді эпикалық шығармалардың негізгі жанрлық түрлеріне тоқталайық.
Академик З.Қабдолов өзінің «Сөз өнері» (2002) атты оқулығында эпикалық тектің үлгілерін шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді эпикалық түрлер деп үшке бөлген [1]. Бұл жіктеу эпикалық шығармаларды тек көлемдік жағынан ғана емес, ең бастысы өмір шындығын қамту мен адам мінезін тұлғалау мүмкіндігіне де байланысты жасалған. Ал менің қарастыратыным орта көлемді эпикалық түр. Поэмa – эпикалық жанрдың орта көлемді түрі. Онда белгілі бір кезендегі өмір шындығы (ол тарихи шындық немесе автордың ойдан алған шындығы болуы мүмкін) мен адам тіршілігінің алуан сәттері, қоғам өміріндегі елеулі оқиғалар суреттеледі
Эпикалық шығармалар дегеніміз-автор кейіпкерлерді немесе оқиғаларды сипаттау кезінде оны өз пікірімен суреттейтін баяндау жанры.
Эпикалық шығарманың үш түрі бар:
Кең көлемді-эпопея,роман,поэма-эпопея.
Орта көлемді-повесть.
Шағын көлемді-әңгіме,новелла,очерк.
Батырлар жыры
Батырлар жыры-ауыз әдебиетіндегі ең бай және көне жанрлардың бірі.Қаһармандық эпос деп те аталады.Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып,сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін,ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді.Батырлар жыры-көркем шығарма.Оның жанрлық ерекшелігі-шындықты өзіне қорытып,оны өзінің көркемдік ерекшелігіне қарай дами беретінін білеміз.
Батырлар жыры туралы(эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық(оқушылардың жс ерекшелігін ескере отырып)ұғым беру. Батырлар жырындағы халық арманы,оның негізінде халық тарихының жататыны туралы түсінік беру.
Мазмұнын меңгеру бағытындағы жұмыстар-Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап,оны балалардың көз алдына іліп қою.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа бөлуге болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан.
Ал батырлар жырына жеке-жеке шолу жасасақ.
«АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫ»
«Алпамыс батыр» жыры – басқа батырлар жырына қарағанда көне жыр болып есептеледі. Жырдың кейбір оқиғалары: Алпамыстың дүниеге келуі, түртіп қалған баланың өліп қалуы, зынданда жеті жыл жатуы сияқты оқиғалар жырдың көне жыр екенін айғақтай түседі. Жырдағы кеіпкерлер (әр түрлі нұсқалары бойынша)
«Қисса-и Алпамыс батыр»